AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылықтар экоакцияға 1500-ден астам сынапты шам...

Алматылықтар экоакцияға 1500-ден астам сынапты шам тапсырды

Алматы 10.03.2026, 17:04 294 Сұлу
Алматылықтар экоакцияға 1500-ден астам сынапты шам тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет кешенінде қайталама шикізат пен қауіпті қалдық жинауға арналған экологиялық акция өтті. Оның басты мақсаты – пластик бөтелкені өткізу немесе бір затты қайта пайдалануға беру сияқты күнделікті қарапайым әрекеттердің өзі үлкен экологиялық өзгерістерге үлес қоса алатынын көрсету, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға Recycle Birge экологиялық қозғалысының (Greenup.kz ҚҚ), серіктес ұйымдары және қалалық қызметтер қатысты. Науқан жұмысына «Eco Almaty» ЖШС де қатысып, жиналған қалдықтардың жекелеген түрін қабылдап, оларды қауіпсіз кәдеге жарату мен қайта өңдеуге жіберуді қамтамасыз етті.

Акция аясында қала тұрғындары қайталама шикізаттың 17-ден астам түрін тапсырды. Олардың қатарында пластик, макулатура, шыны, металл банкілер, пенопласт, сондай-ақ күрделі әрі сирек кездесетін қалдық түрлері — электрондық техника, сынап құрамды қалдықтар және мерзімі өткен дәрілік заттар бар. Жиналған қауіпті қалдықтардың барлығы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып қабылданып, арнайы қайта өңдеуге жіберілді.

Науқанның жеке бағыттарының бірі сынап құрамды шамдарды жинау болды. Жалпы алматылықтар 1543 пайдаланылған шам тапсырды. Олар қауіпсіз кәдеге жарату үшін арнайы өңдеуге жолданды. Мамандардың айтуынша, мұндай қалдықтар ерекше сақтықпен өңделуге тиіс, өйткені олардың құрамында сынап бар және дұрыс пайдаланылмаған жағдайда қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін.

Сондай-ақ, заттарды қайта пайдалануға да ерекше назар аударылды. Қала тұрғындары қайырымдылық ұйымдарына беру үшін киім-кешек, аяқ киім, кітаптар мен тұрмыстық заттарды әкелді. Алаңда кітап алмасу, бөлме өсімдіктерімен алмасу аймақтары және «Дармарка» ұйымдастырылды. Мұнда қатысушылар қажетсіз заттарын тегін беріп, өздеріне керек дүниені алу мүмкіндігіне ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы экологиялық акцияларға қала тұрғындарының қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Бұған дейін өткен іс-шараларда бірнеше сағаттың ішінде екі тоннадан астам қайталама шикізат пен қайта пайдалануға болатын заттар жиналған. Әр жаңа акция сайын қатысушылар саны да, тұрғындардың экология мен жауапты тұтыну мәселелеріне деген қызығушылығы да көбейіп келеді.

Recycle Birge экологиялық қозғалысы Алматыда осындай акцияларды 2019 жылдан бері өткізіп келеді. Бұл бастамалар қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға дайын азаматтардың белсенді қауымдастығын дамытуға ықпал етуде. Тек 2025 жылдың өзінде қозғалыс командасы тоғыз ірі экологиялық іс-шара ұйымдастырып, олардың әрқайсысына жүздеген, тіпті мыңдаған адам қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #экоакция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);