ffin.kz

Алматылықтар діни басқарманың жұмысына ризалықтарын білдірді

Алматылықтар діни басқарманың жұмысына ризалықтарын білдірді Сурет: Мuftyat.kz

Елімізде екінші жыл болып жатқан коронавирус індетінің өршуіне байланысты қасиетті құрбан айт мерекесі қарсаңында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрбандық шалуды онлайн форматта жүзеге асыратын qurban2021.kz сайты ашылған болатын.


Аталған сайт арқылы өтініш білдіріп, құрбандық шалушылар да, құрбандықтың етіне мұқтаж жамағат та баршылық деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі ҚМДБ мәліметтеріне сүйене отырып.


Екінші рет онлайн түрде өтіп жатқан Құрбан айт мерекесімен таң атқалы бері Елбасынан бастап, мемлекет басшысы, министрлер, қала басшылары, дінбасылар ел азаматтарын құттықтауда.


Ал Алматыдағы «Орбита-з»мешітінің ұстазы Жанболат Сапашов онлайн құрбандық туралы айтып берді.



Биссмиллә, әлһамдулилла, ассалату ассаламу ала ма нурсила бехуда уә бәт ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатух.


Онлайн құрбандық... мұны түсіндірместен бұрын қысқаша түрде қасиетті шариғатымыздағы (уәкәлә) өкілеттікке тоқтала кетсек. Жалпы қандай да бір адам бір істі істегісі келіп, бірақ оған мүмкіндігі болмаса, не мүмкіндігі шектеулі болса, онда ол сол істі басқа бір адамға тапсыруға құқылы.  Мұны қасиетті шариғатымызда өкілеттік деп атайды.


Біз биыл қиын жағдайда тұрмыз. Еліміздегі мынау болып жатқан індетке байланысты карантин талаптары жоғары. Сол үшін де биыл құрбандық шалудың өзіндік бір қиыншылықтары болатын секілді. Соған байланысты ҚМДБ биыл құрбандық шалудың жолын жеңілдетті және арнайы qurban2021.kz деген портал ойлап тапты.


Сіз де осы порталға тіркеліп, өз өңіріңізді белгілеп, құрбандығыңызды шалсаңыз болады. Алла тағала құрбандығыңызды қабыл алсын! 




Елдегі қиын жағдайға қарай, құрбандық шалудың оңтайлы жолын шариғат үкіміне сай етіп ойластырғандары үшін халықтың да діни басқармаға алғысы шексіз. Осы орайда, жүрекжарды лебізімен бөліскен бір топ алматылықтардың пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.



Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Бәріңізді келіп жеткен қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бастарыңызға амандық, отбасыларыңызға береке тілеймін. ҚМДБ-ның ұйымдастырып отырған qurban2021.kz деген шарасы үшін өз алғысымды білдіремін. Алматы қаласы өкілдігіне де көп рақметімді айтамын. Шалған құрбандарымыз қабыл болсын! Алла бізден разы болсын! 





Сіздерге Алла ризалығын білдірсін, осы жасап жатқан ниетті жұмыстарың табысты болсын! Рақмет! Беріп жатқан құрбандығымыз жәннәтта жатқан бауырларымызға, жолдастарымызға, қарындастарымызға, қыздарымызға, барлықтарына тие берсін. Жатқан жерлері жайлы болсын, топырақтары торқа болсын, имандары жолдас болсын! Мінгендері пырақ болсын, жаққандары шырақ болсын!Әр уақытта осындай игі іспен айналысып, бүкіл халыққа жақсылық жасай беріңдер, рақмет Сіздерге! 





Ассалаумағалейкүм, құрметті қазақ елі!Бүгінгі қасиетті Құрбан айт мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! Құрбан айттан Құрбан айтқа Алла тағала бізге жетуге нәсіп етсін! Бүгінгі мынау шалып атқан құрбандығымызды Алла қабыл етіп, мол сауабына жазсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мынау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл карантин жағдайына байланысты, бізге түрлі сауапты істерден құр қалмас үшін онлайн түрде құрбандық шалуды ұйымдастырып отыр, сол үшін  Діни басқармадағы басшыларға алғысымыз бар. Алла разы болсын сол кісілерге! Мынау жалпы халқымыздың ұстанымы, біз діни ұстамдықпен, шариғаттан көп үлгі алған халықпыз. «Өзің тоқ жатпа көршің аш болса», деген ұстаныммен құрбандық шалып, мынау жағалай таратып, жыл бойы, күндердің күнінде еттің дәмін көрмей келе жатқан бауырларымызға осындай бір қайырымдылық жасап, құрбандық шалып, ет таратқан жайы бар. Баршаңыздың мына таратқан құрбандықтарыңызды қабыл етсін! Алла тағала басымызға амандық, келесі құрбандыққа аман-есен жетуімізге Алла нәсіп етсін!



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51