AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық зейнеткер 74 жасында диплом алды

Алматылық зейнеткер 74 жасында диплом алды

Барлығы 30.06.2025, 11:23 966
Алматылық зейнеткер 74 жасында диплом алды
скриншот

74 жастағы алматылық Валентина Проскурина жақында Тараздағы университеттердің бірінде диплом алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның алғашқы мамандығы – инженер-экономист. Мектепке дейінгі тәрбие саласында еңбек еткен сарапшы енді сұранысқа ие заңгерлердің бірі атанғысы келеді.

"24kz" арнасының хабарлауынша, Валентина Проскурина университетте жекеменшік балабақшалардың қызметін реттеу мәселесі бойынша жазған дипломдық жұмысын үздік қорғап шыққан.

Ол екі жылдық оқу барысында бірде-бір рет сабақтан қалмаған екен. Осы уақыт аралығында құқықтану саласында дәріс ала жүріп, білім көкжиегін кеңейткен. Валентина Павловна жас деген жаңа нәрсеге ұмтылудың шегі емес, тек сан ғана екенін, білімге деген құштарлықтың шегі болмайтынын дәлелдеп берді.

"120 жыл өмір сүргім келеді, белсенді, бастамашыл және еңбекке қабілетті болғым келеді", – дейді зейнеткер-түлек.

Айта кету керек, университет ректоры Валентина Павловнадан бес жас кіші екен. Ол ректорлық қызметінде мұндай жағдайға алғаш рет кез болған.

Валентина Павловна Алматыда тұрып, осы қалада жұмыс істейді. Ол – бухгалтерлік есеп бойынша 20-дан астам кітап пен мақала авторы. Тоғыз немере мен екі шөбересі сүйіп отырған бақытты әже енді магистратураға түсуді ойлап жүр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #зейнеткер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Кеше 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Кеше 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Кеше 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Кеше 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);