Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық университет әлемдік рейтингте 5-ші орынд...

Алматылық университет әлемдік рейтингте 5-ші орынды иеленді

Білім және ғылым 03.02.2023, 06:03 1,264
Алматылық университет әлемдік рейтингте 5-ші орынды иеленді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ал еліміз бойынша аталмыш оқу орны көш бастап тұр.


Әлемнің ең үздік оқу орындары веб-сайттарының халықаралық рейтингі – Webometrics Ranking of World Universities-2023 рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Webometrics рейтингі университет веб-сайтының өзектілігін және зерттеуші ғалымдарының Scopus және Google Scholar ғылыми-метрикалық жүйелеріндегі жарияланымдарын ескеретін біріктірілген көрсеткішке негізделген жаһандық рейтинг.



Әлемдік рейтингке Қазақстан Республикасының 129 университеті қатысты. Абай университеті әлемдік университеттер арасында рейтингте 1240 орынға көтеріліп, 3628 орынды алады. Webometrics жаңа деректеріне сәйкес Абай университеті 5-ші орынды иеленіп (2022 жылы шілде – 7-орын), еліміздің ТОП-5 үздік университеттерінің қатарына енді. Педагогикалық білімнің флагманы – Абай атындағы ҚазҰПУ жақсы нәтиже көрсетіп, Қазақстан Республикасының салалық жоғары оқу орындары арасында 1-ші орынды иеленді.



Webometrics ғылыми жарияланымдарды қоса алғанда, интернет кеңістігінде университеттердің болуын талдайды, университет веб-сайттарының мазмұны мен танымалдылығын бағалайды. Cybermetrics Lab әдістемесіне сәйкес университеттерді саралау алгоритмі үш көрсеткішке негізделген: Impact, Openness, Excellence. Impact көрсеткішінің деректері бойынша Абай университеті қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 2-ші орында. Абай атындағы ҚазҰПУ сайты ұлттық және халықаралық рейтингтерде де жоғары орындарға ие.


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жыл сайынғы жетістіктері оның әлемдік жоғары білім беру жүйесіндегі тұрақты орнын тағы бір рет растайды. Халықаралық рейтингтерге қатысу университетті әлемдік ғылыми кеңістікте орналастыруға, халықаралық білім беру ортасына кіруге, білім беру және ғылыми-зерттеу процестерін халықаралық ережелер мен стандарттармен үйлестіруге, білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға, өсудің жаңа жолдарын табуға мүмкіндік береді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #университет #рейтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика