конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық тыл ардагері соғыс басталғанда алтыда ед...

Алматылық тыл ардагері соғыс басталғанда алтыда еді...

Барлығы 26.02.2025, 10:45 892 Нұржамал Әлішева
Алматылық тыл ардагері соғыс басталғанда алтыда еді...
Сурет: aqshamnews.kz

Алматыда Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Ардагерлер кеңесі  тыл ардагері, отставкадағы майор Ғалымжан Бакешев ақсақалға сәлем бере барды.  

Соғыстың «балалары» – бұл балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген адамдар. Олар қолына қару ұстап майданда соғыспаса да, тағдыры соғыспен тығыз байланысты болды. Бұл балалар аштықты, қарша бораған бомбалардың қорқынышын, үрейін бастан өткерді. Жақындарын соғыс жалмады. Бала да болса Жеңісті жақындатамыз деп, бұқанасы бекімей жатып тылда ауыр еңбек етіп, қиыншылықмен өсті.

Соғыс басталғанда Ғалымжан ата небәрі алты жаста еді. Оның да балалық шағын соғыс ұрлаған болатын. Ол да еңбекке ерте араласып, ауылдағы ер-азаматтардың орнын басты, аналарымен бірге тылда еңбек ете жүріп, Жеңіске үлес қосты. 
Қазір соғыс жылғы балалар тыл ардагерлеріне теңестірілген. Өйткені олардың көбі кішкентай жасынан майданға кеткен ересектердің орнын басып, зауыттарда, колхоздарда жұмыс істеді, сарбаздарға жылы киім тоқыды.  Ғалымжан ақсақалға да осы мәртебе берілген. Сонымен қатар, Ғалымжан Жүнісұлы – Ұлттық ұланның қарт ардагерлерінің бірі. Ол 1960 жылдан бастап КСРО-ның Ішкі әскерінде әр түрлі қызметтерде болған. Ішкі әскер басқармасында саясат бөлімінің нұсқаушысы лауазымында зейнетке шыққан. 

Бүгінде Ұлттық ұланда «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы жүріп жатыр.  Осы іс-шара аясында  соғыс және тыл ардагерлері үшін көптеген игі істер атқарылып жатыр. Ұландықтар Ғалымжан ата мен Қоныскүл апаға арнайы әкелген сыйлықтарын табыстап, сырнайларымен ән салып, қарттарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап кетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ұлттық ұлан #тыл ардагері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Кеше 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);