AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында...

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Спорт 02.04.2026, 10:55 182 yakiya
Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды
Алматы қаласы Спорт басқармасы

Алматылық спортшы Нұрмұхаммед Жайылбай Бразилияда өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Спорт басқармасының мәліметінше, бұл Қазақстан тарихындағы айтулы жетістік. Атап айтқанда, елімізде алғаш рет осы жас санатындағы әлем чемпионатында жеке сын бойынша жүлде алынған.

Нұрмұхаммед Жайылбай турнирді Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде 25-орыннан бастап, жарыстың барлық кезеңінде сенімді өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті.

1/64 финалда алматылық спортшы Сенегал өкілін жеңді, 1/32 финалда Венгрия спортшысынан тізе бүктірді, 1/16 финалда Жапония өкілінен басып түсті. 1/8 финалда Ресей спортшысын ұтып, ширек финалда АҚШ өкілін шаң қаптырып, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Нұрмұхаммед Жайылбай Еуропаның қазіргі чемпионы әрі әлемдік рейтингтің көшбасшысы түркиялық Фуркан Яманмен күш сынасты. Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 13:15 есебімен қарсыласына есе жіберіп, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшылар әлемдік деңгейдегі жарыстарда жүлдеге бір табан жақындағанымен, дәл Нұрмұхаммед Жайылбай алғаш рет жасөспірімдер мен кадеттер арасында жеке есепте медаль жеңіп алды.

Бұл жетістік Қазақстандағы семсерлесу спортының қарқынды дамып келе жатқанына айқын дәлел. Сонымен қатар, ол алматылық спорт мектебінің әлеуеті жоғары екенін көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#семсерлесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);