Алматылық сарапшылар жаңа Конституцияның жобасы туралы пікір білдірді

  • 17:09, 02 ақпан 2026
Алматылық сарапшылар жаңа Конституцияның жобасы туралы пікір білдірді сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

2026 жылғы 31 қаңтарда қазақстандықтарға жаңа Конституцияның жобасы ұсынылып, оны сарапшылар қауымдастығы да, әлеуметтік желіде де талқылай бастады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында құжат байыпты әрі мазмұнды талдау форматында қаралды. Конституциялық кеңестің мүшесі, саясаттанушы әрі қоғам қайраткері Марат Шибұтов жобаға қатысты айтылған сынға пікір білдіріп, оған байланысты тарап жатқан неше түрлі қауесеттің шындыққа жанаспайтынын бірден айтты.

Сарапшының айтуынша, әлеуметтік желідегі пікірдің біразы сенімсіз ақпаратқа негізделіп жазылыпты.

«Конституцияда не жазылғанын өзіміз білмей отырғанда, жобаның өзі әлі қолымызға тимеген кезде неше түрлі нәрсені ойдан шығарып жатқандарды көріп күлкім келді. Ешкім көзбен көріп, қолмен ұстамаған мәтін туралы бәрі білгішсініп жатты. Мұндай өтірік ақпаратты өз арамызда да, шетелде отырып таратқандар да көп болды», – деп атап өтті Марат Шибұтов.

Қаншама лайк жинап, ең көп талқыланған сондай жазбаларды жобаның мәтінімен таныспағандар жазғанын айтады.

«Ең алғашқы әрі ең кең тараған фейк – шетелдіктерге жер сатуға рұқсат беріледі деген әңгіме болды. Бірақ жер мен табиғи ресурстар туралы бап өзгерген жоқ, шетелдіктерге жер сатуға бұрын қалай тыйым салынса, солай қалды. Мұндай ақпараттың қайдан шыққанын білмейміз», – дейді спикер.

Оның айтуынша, бас-аяғы жоқ басқа тақырыптардың төңірегінде де осындай қызу пікірталас болыпты.

«Тілдің мәртебесі өзгереді екен дегендері де болды, бұл бап та өзгерген жоқ. Кейін децентрализация туралы айтылды, бірақ жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік басқару бөлімі сол күйі қалды. Митингілерді шектейді екен деген әңгіме шықты бір кезде, бірақ жиын бостандығы заңмен реттеледі деген тұжырым бұрынғыша өзгеріссіз қалды», – деп түсіндірді Шибутов.

Сарапшы құжатпен жұмыс істеудің алдағы кезеңдері туралы да айтып өтті.

«Конституциялық комиссияның мүшелері ретінде біз ертең Астанада боламыз, 3 ақпанда кезекті отырыс өтеді. Біз алғашқы жоба бойынша ұсыныстарды жинақтап, түзетуімізді енгіземіз, өйткені тұтас мәтін салыстырмалы кестеге қарағанда басқаша қабылданады. Менің ойымша, жобаның екінші нұсқасы пайда болады, содан кейін оны президентке бекітуге жібереді де, кейін референдум өтетін күнді белгілейді», – дейді.

Жаңа Конституция жобасын талқылау жалғасып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, азаматтардың бұл процеске қатысуы елдің болашақ дамуына бағытталған Негізгі заңды қалыптастырудың маңызды бөлігіне айналып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59

16:48

16:34

16:16

16:02

15:48

15:32

15:16

15:01

14:42

14:31

14:16

14:10

14:01

12:28