AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық қызметкер республикалық «Тіл шебері – 20...

Алматылық қызметкер республикалық «Тіл шебері – 2025» байқауында бас жүлдеге ие болды

Барлығы 03.09.2025, 15:29 969
Алматылық қызметкер республикалық «Тіл шебері – 2025» байқауында бас жүлдеге ие болды
Алматы әкімдігі

Қазақстан халқының тілдері күніне орай 2 қыркүйекте Түркістан қаласында ерекше мазмұндағы байқау өтті. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған республикалық «Тіл шебері – 2025» байқауы биыл да ел ішіндегі үздік тіл меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтады.

Үш тілді еркін меңгерген қызметкерлер арасындағы бұл байқауға еліміздің әр өңірінен іріктеліп алынған 15 қатысушы жиналды. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білім-білік деңгейлерін жан-жақты көрсетіп, өзара бақ сынасты.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде үміткерлер қазақ тіліндегі сирек қолданылатын сөздердің мағынасын ашып, бай тілдік қорларын танытты. Екінші кезеңде орыс тілінде еліміздің географиясы мен ұлттық құндылықтары жайлы сұрақтарға жауап берсе, соңғы кезеңде ағылшын тілінде Қазақстанның танымал тұлғалары мен салт-дәстүрлері туралы өз көзқарастарын ортаға салды.

Тіл мамандары мен әртүрлі саланың кәсіби сарапшыларынан құралған әділқазылар алқасы қатысушылардың тілдік құзыретін, сөйлеу мәдениетін, ой жүйелеу қабілетін және шешендік шеберлігін бағалады.

Нәтижесінде, байқаудың бас жүлдесін Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас инспекторы Нұрғазы Ардақ Әділғазықызы жеңіп алды.

Екінші орын Қызылорда облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Бердібек Нұрхатқа бұйырды. Ал үшінші орынды Қостанай облысы Тексеру комиссиясының бас инспекторы Жақсан Рауан мен Орал қаласы Зачаган кенті әкімі аппаратының бас маманы Мұханбетқалиев Дәулетжан бөлісті.

Бұл байқау – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырумен қатар, көптілділік мәдениетін дамытуға бағытталған игі бастама. Сонымен бірге, түрлі салада еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің жан-жақты білімді, тілге деген сүйіспеншілігі бар екенін айқындады.

Тіл – ұлттың жаны. Ал оны қадірлей білген азамат – елдің шын жанашыры. Осындай байқаулардың басты мақсаты да – тілге деген құрметті арттырып, көптілді азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тілдер #конкурс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);