AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық психиатр алжудың алғашқы белгісін қалай...

Алматылық психиатр алжудың алғашқы белгісін қалай анықтауға болатынын айтты

Алматы Бүгін 13:04 50

Адам жасы келген сайын ұмытшақ болып, маңайындағы адамдардың атын, тіпті қолында ұстап жүрген кілтті де қайда қойғанын ұмытып қалып жатады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бірақ мұндай өзгерістің бәрін аурудың белгісіне жатқызуға болмайды. Алайда есте сақтаудың табиғи жасқа байланысты өзгерісі мен медициналық көмекті қажет ететін тұсының арасындағы маңызды шекараны білу қажет.

Алжу — есте сақтау мен басқа да когнитивтік функциялар бұзылып, адамның күнделікті міндетін өз бетінше орындауы қиындайтын синдром. Бұл көбіне біртіндеп үдей беріп, адамның күндегі өміріне әсер ете бастайды.

Алматының штаттан тыс бас психиатры Наби Есімовтің айтуынша, ұмытшақтықтың өзі адамның алжығанын білдірмейді. Мұнда аурудың қаншалықты айқын екеніне, оның уақыт өте қалай өзгеретініне, адамның өз бетінше өмір сүру қабілетіне қаншалықты әсер ететініне назар аудару керек.

Қалыпты қартаю кезінде адам қажетті сөзді немесе таныс адамның атын ұзағырақ уақыт еске түсіруі мүмкін. Бірақ сонымен бірге ол таныс ортада бағдарын сақтайды, тамақ дайындай алады, сауда жасағандда өзі төлейді, өзі шешім қабылдап, күнделікті үй шаруасын да өзі орындай береді.

Деменция кезінде адам затты қайда қойғанын ұмытып қана қоймай, оны қалай пайдаланатынын да түсінбей қалуы мүмкін. Жақында болған оқиға мен әңгіме естен шығып, бір сұрақты бірнеше рет қайталап сұрайды, коммуналдық төлемді төлегенде, дәрі-дәрмек ішкенде, күнделікті жұмысты жоспарлаған кезде қиындыққа тап болып, қинала бастайды.

Туыстары ең алдымен байқайтын өзгерістің бірі — жақында болған оқиғаны есте сақтаудың нашарлауы. Бұл ретте адам өзінің өткен өміріндегі, бұрын болған оқиғаны ұмытпай, жақсы есте сақтап қалуы әбден мүмкін.

Уақыт пен кеңістікте бағдарланудың қиындауы да алаңдатуы тиіс. Мысалы, қарт адам күнді шатастыра бастайды, аптаның қай күні екенін ұмытады, бұрыннан жақсы білетін ауданда адасып қалып, үйін таба алмай жүреді.

Тағы бір белгі — сөйлеу қабілетінің өзгеруі. Адам күнделікті қолданатын сөзді таба алмай, әңгімені жалғастыруда немесе әңгімелесушінің сөзін түсінуде қиналады. Уақыт өте келе мінез-құлқы, қызығушылығы мен көңіл-күйі, эмоциясы да өзгеруі мүмкін.

Өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің төмендеуіне де ерекше назар аудару қажет. Бұған дейін ақшасын және тұрмыстық мәселесін сенімді түрде басқарып келген адам кенеттен әдеттен тыс заттарды сатып ала бастаса, төлемді ұмытып кетсе немесе дәрі-дәрмегін дұрыс ішпесе, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаған жөн.

Сонымен қатар мамандар есте сақтау қабілетінің нашарлауы әрдайым деменциямен байланысты бола бермейтінін атап көрсетеді. Когнитивтік функцияларға ұйқының бұзылуы, депрессиялық жағдайлар, кейбір аурулар, ішіп жүрген дәрі-дәрмегі мен басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Сондықтан бірнеше белгіге қарап өз бетінше диагноз қоюға болмайды.

«Егер өзгеріс тұрақты сипат алып, біртіндеп күшейсе және адамның бұрынғы күнделікті істерін өз бетінше орындауына кедергі келтіре бастаса, дәрігерге қаралып, тексеруден өту қажет», — дейді Наби Есімов.

Медициналық көмекке ерте жүгіну тек деменция диагнозын растау немесе жоққа шығару үшін ғана керек емес. Кей жағдайда есте сақтау қабілетінің бұзылуы түзетуге болатын себептермен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар дер кезінде қойылған диагноз отбасы мүшелеріне болашақта адамға қандай көмек қажет болуы мүмкін екенін алдын ала түсінуге сеп болады.

Сондықтан есте сақтаудағы кез келген өзгерісті жасы келгеннен көрмеу керек. Таныс адамның атын ұмытып қалу — кез келген адамның басынан өтетін қалыпты жағдай. Ал сол адамның кім екенін үнемі ұмыта беру — назар аударуды қажет ететін белгі. Кез келген адам кілтті қайда қойғанын ұмытып қалуы мүмкін. Ал біртіндеп кілтті қалай пайдалану керегін түсінбей қалу немесе өз пәтерінде бағдардан жаңылу — маманға жүгінуге себеп.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психиатр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында көшкін қаупі бар 18 жерді қорғауды қолға алды

Бүгін 14:05

Ұлттық ұланның 5449 әскери бөліміне 60 жыл толды.

Бүгін 13:16

Психиатрға қай кезде жүгінген жөн: Алматының штаттан тыс бас психиатры алаңдатарлық белгілерді айтып берді

Бүгін 13:01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 13:01

Үкіметте Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Бүгін 13:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);