AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық ортопедтер науқастың екі аяғын теңестірд...

Алматылық ортопедтер науқастың екі аяғын теңестірді

Әлеумет 02.10.2024, 10:48 1,009 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Алматылық ортопедтер науқастың екі аяғын теңестірді
aqshamnews.kz

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына 4-дәрежелі деформацияланатын артрозы және тұрақты аралас контрактурасы бар науқас түсті. Оның аяқ-қол буындары ұзақ жылдар бойы қозғалмаған. Сол аурудың азабын 9 жыл бойына тартып, оң аяғын мүлдем соза алмаған.

Иә, 4-дәрежелі артроз оның тізе буынының қалыпты жұмысына кедергі келтірген. Науқас үшін бір қадам жасаудың өзі мұңға айналыпты. 

ОҚКА травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Қанат Тәуекелов науқасқа тізе буынын толық эндопротездеу отасын жасауды ұсынды. Сөйтіп бір мезгілде артқы бұлшықет топтары босатылды, бұл аяқты толығымен түзетуге мүмкіндік берді. Күрделі ота МӘМС пакеті шеңберінде жасалды.

– Біз жұмысы бұзылған буынды жасанды буынға ауыстырдық және бір уақытта бұлшықетті шығардық, буынды бүгілген күйде ұстайтын тұрақты контрактураны жойдық. Осылайша біз аяқтың қозғалғыштығын қалпына келтірдік. Ота сәтті өтті, – дейді Қанат Тәуекелов.

Сәтті отадан соң науқас 9 жылдан кейін алғаш рет аяғын жазып, ерекше қуанды.

– Аяғым 2005 жылдан бастап ісіне бастады. Оны өз бетімше жылыту жастықшасымен қыздырдым. Өйткені "буындар жылуды жақсы көреді" дегенді естігенім бар еді. Бірақ аяғым одан жақсармады. Ұзақ жылдар адам төзгісіз ауырсынулардан жаным қиналып кетті, тек ауырсынуды басатын дәрілермен өмір сүріп келдім. Міне, дәрігерлердің арқасында аяғымды тең басып, жаным да жадырап қалды, – дейді ота жасалған науқас.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #травматология #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);