конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық оқушылар Үндістанда өткен робототехника...

Алматылық оқушылар Үндістанда өткен робототехника чемпионатынан жүлделі оралды

Білім және ғылым 01.02.2024, 03:17 1,394
Алматылық оқушылар Үндістанда өткен робототехника чемпионатынан жүлделі оралды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

2024 жылдың 25-28 қаңтар аралығында Үндістанның Гоа қаласында робототехникадан өткен «The Goa International Robotics Festival» халықаралық ашық чемпионатында 220 команда бақ сынасты.


Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға Екібастұз, Құлсары, Алматы және Астана қалаларының оқушылары қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласынан барған «Sana team» және «Qazaq style» құрама командалары екі жоғары наградамен марапатталды. 


12 жастан 18 жасқа дейінгі FIRST Tech Challenge санаты бойынша:
-1 орын «Motivate award» - Sana Тeam командасы, Алматы қаласының Білім Инновация Лицейі (БИЛ);
-1 орын «Inspire award» - «Qazaq style» құрама командасы, Алматы қаласының №124 ЖББМ, №81 мектеп-гимназия, №178 мамандандырылған лицей, №206 мектеп-гимназия, №200 мектеп-гимназиялары.




«Біздің командаларымыз жарысқа қатысу тәжірибесінің аздығына қарамастан өте жоғары кәсіби деңгейін байқатты. Чемпионатта тамаша ойын өрнегін көрсетіп, төл мәдениетімізді паш етті. Елімізге шетелдік командаларды шақыру үшін үлкен жұмыс атқарылды. Осылайша, ақпан айында Астанадағы Орталық Азия ойындарына Үндістан мен Шри-Ланкадан бірнеше команда қатысатынын растады», — деді «Алматы дарыны» орталығының бөлім басшысы Жанна Алмусаева. 



Ата кететін нәрсе, Гоа қаласында өткен жас өнертапқыштар бәйгесіне жолдаманы Қазақстаннан барған оқушылар Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Almaty Tech Cup» республикалық турнирінде жеңіп алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#роботехника #чемпионат #Qazaq style #Sana team
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Сергек" енді самокатшыларды да бақылайды

Бүгін 10:28

Алматыда ALMA LOVE 2026 фестивалі басталды: алғашқы күн EcoDay экологиялық акциясымен өтті

Бүгін 09:27

Дүйсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:59

Пашинян Армения үкіметінің тізгінін қайта қолға алды

Кеше 17:04

Алматылық "Қайрат" ФК Болгарияға аттанды

Кеше 14:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);