Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық оқушылар тау баурайынан 2,5 тонна қоқыс...

Алматылық оқушылар тау баурайынан 2,5 тонна қоқыс жинады

Барлығы 27.05.2025, 11:14 760
Алматылық оқушылар тау баурайынан 2,5 тонна қоқыс жинады
Алматы қаласы Білім басқармасы

Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің Аюсай шатқалында Наурызбай ауданының мектеп оқушылары мен педагогтарының қатысуымен ауқымды экологиялық сенбілік өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шара «Тaza Қазақстан» және «Парктер шеруі – 2025» экологиялық акциялары аясында ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырушы — Алматы қаласы Білім басқармасы.

Мектеп оқушылары мен олардың мұғалімдері 3 гектар аумақты тазалап, 2,5 тонна қоқыс жинады. Сенбілікке қатысушылардың бірі — 8 «А» сынып оқушысы Қалдыбек Мирас пен экоұйым жетекшісі Жақыпақын Шынар Нұрдәулетқызының айтуынша, бұл экологиялық акция табиғатқа тұтынушылық көзқарасқа қарсы шығып, қоршаған ортаны қорғауға және Алматыда экологиялық туризмді дамытуға бейжай қарамайтын жандарды біріктірді.

Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынованың айтуынша, Аюсай шатқалы — қаланың шекарасында орналасқанымен, табиғат аясында тынығуға мүмкіндік беретін бірегей орын. Алматы тұрғындары мен оңтүстік астананың қонақтары бұл жерге отбасыларымен келіп, жаяу жүргіншілерге арналған соқпақ жолдармен серуендеп, таза ауамен тыныстауға келеді.

«Балаларымыз ерекше әсер алды. Олар мегаполисті қоршаған табиғаттың сұлулығын бала кезден сезініп қана қоймай, соны сақтап, биологиялық әртүрлілікті қорғау қажеттігін де түсінгені маңызды. Бүгін экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, біз ертеңгі жауапты ұрпақты тәрбиелейміз», деп атап өтті Салтанат Құсайынова.

Наурызбай ауданының мектеп оқушыларына қоршаған ортаға ұқыпты қарау және таудағы қауіпсіздік туралы тақырыптарда дәрістер оқылды. Бұл экологиялық сенбілік олардың өміріндегі жарқын естеліктердің біріне айналып, ұзақ уақыт жадыда қалары сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тау #оқушы #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі