AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық оқушылар ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиа...

Алматылық оқушылар ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында III орын иеленді

Білім және ғылым 15.01.2024, 06:20 1,362 Almaty-akshamy.kz. 
Алматылық оқушылар ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында III орын иеленді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Almaty Theatre ғимаратында 8-13 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) базасында өткізілген математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі олимпиадаға биыл Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды 16 елден 85 команда, 700-ге жуық оқушы қатысты.


Олимпиадаға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, «РФММ» КЕАҚ Директороар кеңесінің төрағасы Берік Қаниев және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Олимпиаданың ерекшелігі — әлемнің мамандандырылған физика-математика мектептері арасында бірден үш пән бойынша өткізілуі. Осы жылы үш жылдық онлайн форматтан, олимпиада қайта офлайн форматта ұйымдастырылды. 2005 жылы алғаш рет өткізілген кезде 5 мемлекеттен 189 оқушы қатысқан еді.



Биыл олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румынияны қосқанда, әлемнің 16 елінен 700-ге жуық қатысушы, 85 команда қатысты.


Гран-при, I, II және III орындарды жеңіп алған команданың барлық мүшелері медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар Нұрлан Қаппаров атындағы қордан математика пәнінен Нұрлан Қаппаров атындағы сыйлықты, физика пәнінен Әділет Имамбеков атындағы сыйлықты және информатика пәнінен Илья Сегалович атындағы сыйлықтарды алды.


Математика, физика және информатика пәндері бойынша 344 қатысушы жеңімпаз атанды. «Үздік олимпиадалық мектеп» номинациясы бойынша Гран-при Санкт-Петербург қаласынан


№239 президенттік физика-математика лицейінің командасына берілді.



Бірінші орын Мәскеу қаласынан келген В.Ф. Овчинникова атындағы «Екінші мектеп» командасы иеленді, екінші орын Тбилиси қаласынан Л.В. Комаров атындағы № 199 математика және физика арнайы мектебінің және Долгопрудный қаласынан П.Л.Капица атындағы «Физтех-лицейі» командалары бөлісті, үшінші орынға Минск қ. БГУ лицейі, София қ. Sofia High School of Mathematics, Долгопрудный қаласынан П.Л.Капица атындағы «Физтех-лицейі» және Алматы қаласынан РФММ иеленді. 


Қазақстандық оқушылар 109 медаль жеңіп алды — 10 алтын, 43 күміс және 56 қола.



Гран-приді жеңіп алған команданың барлық мүшелеріне кубок пен ноутбуктер табысталды. Барлық жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#физика #математика #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);