Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадада 17 меда...

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадада 17 медаль жеңіп алды

Барлығы 05.02.2025, 11:53 656
Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадада 17 медаль жеңіп алды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Халықаралық Жәутіков олимпиадасында Алматы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 17 жүлде жеңді: 2 алтын, 5 күміс және 10 қола медаль.

Жалпы командалық есепте олар екінші жыл қатарынан 3-орынды иеленіп келеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде РФММ оқу жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары Нұрбану Кабулова хабарлады.

1972 жылы академик Орынбек Жәутіковтің қолдауымен құрылған бұл мектеп жарты ғасыр ішінде мыңдаған дарынды түлектерді тәрбиелеп шығарды. Олардың қатарында ғалымдар, мемлекеттік қайраткерлер мен табысты кәсіпкерлер бар. Бүгінгі таңда РФММ-нің – үш филиалы бар, Алматы, Астана және Орал қалаларында, сондай-ақ әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсетін жүздеген түлектерімен мақтана алады.

Оқу бағдарламасы физика мен математиканы тереңдетіп оқытуға бағытталған, сонымен қатар информатика, бағдарламалау, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді де қамтиды.

«Қала әкімі Ерболат Досаев та осы мектептің түлегі. Оның басшылығымен қалада бірнеше инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. РФММ түлегі ретінде ол қаланы дамыту мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға белсенді ат салысуда», – деді спикер.

Мектептерде олимпиадаға дайындыққа ерекше назар аударылады. Оқушылар олимпиадалық резерв мектептерінде оқып, халықаралық жазғы лагерьлерге қатысуға және РФММ-ге қабылдау үшін сынақ тестілерін тапсыруға мүмкіндік алады.

«Біз оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтынымызды мақтан тұтамыз. Биыл 7-сыныпқа қабылдау үшін жаңа форматтағы емтихан енгіздік, онда математика бойынша білім ғана емес, логикалық ойлау да ескеріледі», – деп атап өтті Кабулова.

Соңғы жылдары РФММ-ға түсу конкурсы айтарлықтай өсті. 2024 жылы 7000 өтінім түссе, биыл 3500 үміткер тіркеліп үлгерді. 3 сәуірге дейін өтінім санының айтарлықтай артуы күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халықаралық олимпиада #Алматы #17 медаль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика