Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / Алматылық оқушылар ғылым арқылы өзін тануда

Алматылық оқушылар ғылым арқылы өзін тануда

Балалар жылы 19.05.2025, 10:15 658
Алматылық оқушылар ғылым арқылы өзін тануда
Алматы қаласы Білім басқармасы

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп елімізде алғаш рет Жас зерттеушілер форумы өткізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы, ҚР Президентініңжанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері, әкімшіліктердегі білім басқармаларының басшылары, жетекші жас ғалымдар, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 400-ден астам республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған дарынды мектеп оқушылары және олардың ғылыми жетекшілері қатысты.

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы алғы сөзінде болашақта өз өмірін ғылыми-зерттеу жұмысымен байланыстырғысы келетін, ғылым жолын таңдауға құлшыныс білдірген еліміздің барлық жас таланттарын бүгінгі Форумның ашылуымен шын жүректен құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.

Оның айтуынша, ҚР Оқу-ағарту министрлігі өкілдері, мектептер, академиктер және Жас ғалымдар кеңесінің мүшелерімен бірлесіп академияның басқару құрылымы қалыптасып, оның қызметі басталады.

Өз кезегінде Алматы қаласы Білім басқармасының басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай өз сөзінде форум оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары мен әзірлемелерін таныстыруға арналған ашық алаңға айналғанын айтты. Мұнда олардың дайындық деңгейі бағаланып, жетекші ғалымдар мен сарапшылар тарапынан кәсіби пікірлер айтылды. Сонымен қатар, STEM білімін дамыту, халықаралық тәжірибені орта білім жүйесіне енгізу және Қазақстандағы мектеп ғылымының болашағы сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

«Алматы дарыны» орталығының директоры Гульнур Каримгажы атап өткендей Алматы – білім мен ғылымның ордасы. Қалада 300 мыңнан астам оқушы бар, олардың арасынан жүздеген жас таланттар республикалық және халықаралық зияткерлік жарыстарда топ жарып келеді. Бұл – ұстаздардың, мектептердің және ең бастысы, ынталы оқушылардың еңбегінің нәтижесі.

Биыл 33 оқушы республикалық, ал 29 оқушы халықаралық ғылыми байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз!

Форумда Алматы қаласынан төрт оқушы өз жобаларын ұсынып, жүлделі орындарға ие болды, бұл алматылық оқушылардың жоғары деңгейдегі дайындығы мен шығармашылық әлеуетін растайды.

Форум бағдарламасына оқушылардың ғылыми және инновациялық жобаларының көрмесі, «Зияткер» атты интеллектуалдық командалық сайыс, сондай-ақ академик Қ.И. Сәтбаев атындағы музейге, археология және Қазақстан ғылымының тарихи музейлеріне экскурсиялар кірді. Жас зерттеушілер құрметті аудитория алдында баяндамалар мен презентациялар жасады. Одан кейін Форум жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика