Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық оқушылар бір айда 1,2 млн пластик қақпақ...

Алматылық оқушылар бір айда 1,2 млн пластик қақпақ жинады

Барлығы 18.12.2024, 09:05 38
Алматылық оқушылар бір айда 1,2 млн пластик қақпақ жинады
Сурет: видеодан скрин

«Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясына пластик қақпақтарды жинау арқылы  үлес қосқан балалар қалдықтарды арнайы орталыққа әкеліп өткізді.

Бастапқыда бірнеше мектептен басталған экологиялық шара кейін ауқымы кеңейіп жастар тарапынан қолдау тапқан, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап..

«Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында аумақты пластик қақпақтан арылту бастамасына 200-ден астам мектеп пен балабақша атсалысқан. Оқушылар бір ай бойы қоғамдық орындардағы, өз үйлеріндегі және мектеп айналасындағы пластик қақпақтарды жинапты. Мысалы №147 гимназияның оқушылары 15 келіден аса қақпақты сұрыптап, экологиялық хабқа өткізді.

 Томирис Намазбекова, №147 гимназияның 7-сынып оқушысы:

Біз осы науқан арқылы өзіміздің экологияға байланысты өзіміз жетіле алдық және көптеген ой қалыптастыра алдық. Мысалы, экологияны қорғау үшін біз қоқыстарды бөліп жинауымыз керек. Сол экологияны жасау арқылы бізге таза ауа келеді, экологияны таза ұстау арқылы біз сол жерде тіршілік ете аламыз.

Орталыққа өткізілген 1 260 000 пластик қақпақты келіге шақсаңыз, 2 тоннадан асады. Әсіресе, Жетісу, Алмалы және Әуезов ауданының оқушылары белсенділік танытыпты. Пластиктің дәл қанша уақытта ыдырайтынын 100% есептеу қиын. Ол материалдың түрі, ылғалдылық, температура, күн сәулесінің қалай түсетініне байланысты. Ең жылдам ширитіні – полиэтилен пакеті. Оның өзіне 20 жыл кетеді екен.

 Евгений Мұхамеджанов, ECO Network жобасының жетекшісі:

Статистика бойынша елімізде жылына 1,2 млрд пластик бөтелке өндіріледі екен. Сонда біз осы экологиялық науқан барысында 0,1% қақпақты ғана жинадық. Бастамасы жаман емес. 21 желтоқсан күні экологиялық жәрмеңке ұйымдастырып, үздік үш мектепті марапаттаймыз.

Экохабқа келген оқушылар өңделген пластиктен жасалған бұйымдарды тамашалады. Ұйымдастырушылар қақпақтарды жинау бастамасын келесі жылы тұрақты өткізуді жоспарлап отыр. Осы арқылы тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақырмақшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пластик қақпақтар #Алматы #оқушылар #экологиялық науқан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика