конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық мұғалім химиялық элементтерді танымал ән...

Алматылық мұғалім химиялық элементтерді танымал әндер арқылы түсіндіреді

Білім және ғылым 04.10.2023, 05:56 1,591
Алматылық мұғалім химиялық элементтерді танымал әндер арқылы түсіндіреді
Сурет: видеодан алынды

Алматылық мұғалім Ұлан Үсенов тың идеясымен әлеуметтік желіде танымал.


Жаңашыл ұстаз химия пәнін қызықты әрі қарапайым форматта оқытады. Әнмен сүйемелденген сабақтары ТМД бойынша миллиондаған көрерменнің ықыласына бөленген. Химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов онлайн сабақ береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


TikTok желісінде білім беру контентін жүргізу туралы ой 2020 жылғы пандемия кезінде келген. Жеке парақша ашып, мектеп бағдарламасын жапондық аниме форматында оқыта бастаған. Ал Менделеев кестесіндегі элементтерді оқушыларға танымал әндер арқылы түсіндіреді екен.



«Бром элементі Андрей Губиннің «Түн» әні арқылы танымал болып, 8 миллионнан аса адам көрді. Ролик астындағы пікірде оқырмандар бромды талқылап, элементтің құрылымын еске түсірді. Оқушылар бір-бірімен жарысып, осы элемент туралы білімдерін тереңдетті. Осылайша, химияға қызығушылықтары арта түсті», - дейді химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов.



Жас ұстаз әр химиялық элемент туралы мәтінді өзі жазып, әнін орындап, жүктеп отырады. Бүгінге дейін ол 21 элемент туралы ролик түсірген, қалғандары дайындалып жатыр. Жалпы саны 118 бейнебаян жүктемек. Ұланның жаңалығын өзге мұғалімдер сабақ барысында пайдалана бастаған. Ұлан Үсенов, химия пәнінің мұғалімі: -



«Әр элементке лайықты жаңа ән табу керек. Сонда ғана оқушылар оңай есте сақтайды. Қызықты ақпарат, пайдалану мақсаты, қалай өндірілетіні сынды фактілер маңызды рөл атқарады. Өзге мемлекеттердегі мұғалімдер хабарласып, менің роликтерімді сабақта пайдаланып жүргенін де айтты», - дейді химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов.



Ұлан Үсеновтың миллионнан астам оқырманы бар. Олардың көбі – оқушылар мен мұғалімдер. Олар әр элементті минуттық ролик арқылы жылдам жаттап, бағдарламаны жеңілдетіп жатыр. Оқытушының мақсаты – өзге әріптестерін әлеуметтік желіге үйретіп, оқушылар қызығатын онлайн әлемді бағындыру.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалім #химия #әнмен үйрету
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Қарасай батыр және Құлымбетов көшелерінде біржақты қозғалыстың пилоттық схемасы іске қосылады

Кеше 20:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Кеше 20:18

Таиланд медицина қызметкерлері алматылық әріптестерінің тәжірибесін зерттеді

Кеше 20:14

Алматыда қуықасты безі обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

Кеше 17:48

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясы өтті

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);