AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық келіншек екі егізден кейін үшем дүниеге...

Алматылық келіншек екі егізден кейін үшем дүниеге әкелді

Барлығы 30.05.2025, 16:21 823 Дина
Алматылық келіншек екі егізден кейін үшем дүниеге әкелді
сурет: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Қалалық перинаталдық орталығында 36 жастағы келіншек екі егізден кейін үшем өмірге әкелді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Фатима, Зухра, Аиша дүниеге қалай келді?

Үш бірдей қыз баланың бақытты ата-анасы Эльмира Рысманова мен оның жұбайы Нұрмахан Әлібаев. Жүктілік үшем көтерген кезде өте сирек кездесетін табиғи жолмен, яғни көмекші репродуктивті технологиялардың көмегінсіз болған.

Балалардың анасы 31-ші аптасында Қалалық перинаталдық орталыққа түсті. Мерзімінен бұрын босану қаупіне және үштік жүктіліктің ерекшеліктеріне байланысты оған шұғыл кесарь тілігі жасалды.

Тәжірибелі дәрігерлердің күрделі, алайда сәтті жасалған операциясының нәтижесінде үш қыз дүниеге келді:

• сағат 14:07-де – салмағы 1711 грамм, бойы 43 см қыз;

• сағат 14:08-де – салмағы 1748 грамм, бойы 40 см қыз;

• сағат 14:09-да – салмағы 1493 грамм, бойы 40 см қыз.

Оларға Фатима, Зухра және Аиша есімдері берілді.

"Сәбилер бірден жаңа туған нәрестелердің реанимация бөліміне орналастырылды. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.  Өмірлерінің алғашқы минуттарынан бастап қыздар дәрігерлердің қамқорлығы мен жіті бақылауында. Перинаталды орталық мамандарының кәсібилігінің арқасында нәрестелер қуаттанып, денсаулықтары күнсайын нығайып келеді" делінген мекеме хабарламасында. 

10 баланың анасынан ақ тілек

Ерекше жүктіліктің барлық қиындықтарына қарамастан, 36 жастағы ана да қазір өзін жақсы сезінуде және дәрігерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтып отыр.

"Бұл менің үшінші егіздерім. Біздің отбасымызда 2019 және 2022 жылдары дүниеге келген 2 жұптан егіздеріміз өсіп жатыр. Ал енді, 2025 жылы, дүниеге үшем әкелдім! Аллаға шүкір, енді бізде 10 балабар.Қалалық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологтарына, дәрігерлеріне және барлық мамандарына шын жүректен алғыс айтамын. Дәрігерлердің кәсібилігінің және қамқорлығының арқасында бәрі сәтті өтті",- дейді көпбалалы ана Эльмира Рысманова.

Қалалық перинаталдық орталықтың басшылығы медициналық ұжымның жоғары кәсібилігін алға тартып отыр. Соның арқасында үшемнің босануын сәтті өткізіп, үш баланың өмірін сақтап қалу және ұқыпты түрде емделуін қамтамасыз ету мүмкін болған. Бұл биылғы перинаталдық орталықта дүниеге келген алғашқы үшем. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#босану #перинаталдық орталық #Үшем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған кинолекторий басталады

Бүгін 16:30

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);