Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық жолаушылар нені білуі керек?

Алматылық жолаушылар нені білуі керек?

Барлығы 10.02.2026, 11:02 173
Алматылық жолаушылар нені білуі керек?
Сурет: Time.kz

Алматы қаласында жолақы төлеудің Avtobys атты бірыңғай цифрлық жүйесі кезең-кезеңімен енгізіле бастады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

AlmatyJoly мекемесінің 2026 жылғы 10 ақпандағы мәліметінше, Avtobys – еліміздің басқа қалаларында қолданыста бар заманауи цифрлық шешім.

Жүйені пайдалану үшін Google Play немесе App Store платформаларынан Avtobys қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі арқылы тіркеліп, смарт-әмиянды толтыру қажет.

Жолақыны төлеу тәсілдері

Жаңа жүйе жолаушыларға жолақыны өзіне ыңғайлы әдіспен төлеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, төлем мына жолдармен жүзеге асырылады:

банк картасы арқылы;
көлік картасы арқылы;
Apple Pay, Samsung Pay және Google Pay қызметтері арқылы;
Avtobys мобильді қосымшасы арқылы (QR-код, NFC, Bluetooth);
банктер мен ұялы байланыс операторларының қосымшалары арқылы;
көлік нөмірі арқылы.
Жолақыны төлеу қолма-қол ақшасыз әрі қосымша әрекеттерсіз жүзеге асырылатыны атап өтілді.

Жеңілдік санатындағы жолаушылар үшін

Сондай-ақ жаңа жүйенің қосымшасы арқылы кеңселерге бармай-ақ және қағаз құжатсыз жеңілдетілген тарифтерді рәсімдеуге болатыны хабарланды.

Жолаушыларға пайдасы

Avtobys жүйесі жолаушыларға мына мүмкіндіктерді береді:

қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн бақылау;
келу уақытын болжау;
маршруттарды алдын ала жоспарлау.
Қалаға пайдасы

Цифрлық жүйе мыналарға мүмкіндік береді:

нақты жасалған сапарларды есепке алу;
билетсіз жүруді азайту;
маршруттарды дәлірек жоспарлау;
деректерге сүйене отырып шешім қабылдау.
Ашық есеп жүргізу қоғамдық көлікті субсидиялаудың әділ моделін қалыптастыруға көмектеседі.

Жүйені енгізу қалай жүргізіледі

Алматыда жаңа жүйені енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асады: алдымен Avtobys кейбір маршруттарда іске қосылады, кейін біртіндеп бүкіл қалалық қоғамдық көлікке енгізіледі. Бұл жолаушыларға күрт өзгерістер әкелмейді.

Алматыда жолақыны төлеудің бірыңғай цифрлық жүйесі — Avtobys жүйесін кезең-кезеңімен енгізу басталғаны 2026 жылғы 7 ақпанда жарияланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Avtobys
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мұздатылған өнімдер экологияға қалай әсер етеді?

Бүгін 14:48

Алматыда өңірлік Травматология және ортопедия орталығы құрылады

Бүгін 14:45

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 14:43

Алматыда әлеуметтік бизнесті қолдау кеңейіп келеді

Бүгін 14:39

Қазақстанда құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика