Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ойын-сауық / Алматылық жас вокалист Давид Чарлин Junior Eurovis...

Алматылық жас вокалист Давид Чарлин Junior Eurovision байқауына Қазақстан атынан барады

Ойын-сауық 16.08.2022, 02:17 4,461
Алматылық жас вокалист Давид Чарлин Junior Eurovision байқауына Қазақстан атынан барады
Сурет: Menu.err.ee

Желтоқсан айында Ереванда өтеді


Ақтөбеде «Baqytty Bala» вокалдық байқауы аяқталды. Онда фестиваль жеңімпаздары марапатталып, Junior Eurovision байқауына қатысатын қазақстандық жас өнерпаздың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Baqytty Bala» байқауы биыл төртінші рет ұйымдастырылды. Оған әлемнің бірнеше елінен 21 жас әнші іріктелді.


III орын және 250 мың теңге жүлде иегерлері:
1. Аяулым Сабыр, Ақтөбе,
2. Юлия Макс, Алматы,
3. Елен Бадалян, Армения,
4. Ялки Сака, Түркия.


II орын және 500 мың теңге жүлдеге иегерлері:
1. Милан Пак, Өзбекстан,
2. Мелани Гарсье, Испания. Ульяна Зарваға бұйырды.


Ал І орын мен 700 мың теңге жүлде Ақтөбе (Қазақстан) вокалисті Жанерке Әбдірахманова мен Барнауылдан (Ресей) келген Ульяна Зарваға бұйырды.
Сондай-ақ концертте балалар Евровидениесіне жолдама алған жас өнерпаздың есімі белгілі болды. Конкурсқа Қазақстанның атынан алматылық жас вокалист Давид Чарлин барады. «Хабар» агенттігі «Junior Eurovision 2022» ән байқауын көрсету құқығына ие ұлттық телехабар таратушы ретінде енді Давид Чарлинді жан-жақты дайындап, арнайы ән жазғызып, желтоқсан айында Ереванда өтетін конкурсқа аттандырады.
Айта кетейік, «Baqytty Bala» қатысушылары, сондай-ақ дәстүр бойынша арнайы сыйлықтарға ие болды. «Көрермен көзайымы» жүлдесін шымкенттік вокалист Сағын Өмірбайұлы алды. Мәдениет қайраткері Қанат Айтбаевтың «Дәстүрге адалдық» арнайы жүлдесі мен 200 мың теңгені Қаскелеңнен келген Шерхан Арыстан иеленді. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаеваның «Өнер қарлығашы» сыйлығымен шымкенттік Еңлік Байзақ марапатталды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рүхия Байдүкенованың 100 мың теңгелік арнайы «Үміт» жүлдесі Данияр Дүйсенбековке бұйырды. «Хабар» агенттігінің музыкалық продюсері Жан Мұқанов «Артистік шеберлік» арнайы жүлдесі мен 200 000 теңге сыйақыны польшалық вокалист Юлианна Китоваға берді.
Дәстүр бойынша Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлері де арнайы сыйлық дайындаған. Нұр-Сұлтан қаласының қатысушысы Ақжарқын Айдосова Dears атынан 170 мың теңге алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Junior Eurovision #Алматы #Давид Чарлин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің кереметтері туралы өз біліміңізді тексеріңіз

Бүгін 21:48

Таяу Шығысқа таяуда бару мүмкін емес: қазақстандықтар енді қайда демалады?

Бүгін 20:25

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Бүгін 20:24

Дархан Сатыбалды Алматы халқына үндеу жасады

Бүгін 18:43

Киік мүйізі сатылатын болды

Бүгін 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика