Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық хирург бір уақытта үш ота жасады

Алматылық хирург бір уақытта үш ота жасады

Медицина 18.03.2025, 14:20 702
Алматылық хирург бір уақытта үш ота жасады
Сурет: Astanatv.kz

Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының хирургы Фараби Стамкулов "үшеуі бір уақытта" көлемді күрделі отасын жасады.

Науқас 10 ай бұрын, 2024 жылдың мамырында перитонит клиникасымен аурухананың қабылдау бөліміне шұғыл түрде жеткізілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ауруханаға түскен уақытта науқастың жағдайы өте ауыр болған, көптеген органның жеткіліксіздігі мен септикалық шок салдарынан тұрақсыз гемодинамика орын алған.

Қуыс ағза перфорациясы. Перитонит» диагнозымен науқас шұғыл түрде ота бөліміне алынды.

Ота кезінде науқаста некроз және перфорация, жарылған нәжісті перитонит және іш сепсисімен асқынған ыдырау сатысындағы сигма тәрізді ішек қатерлі ісігі анықталды.Науқастың ауыр халде, өлім аузында болды. Фараби Стамкулов десцендостоманы (тоқ ішектің төмендеген бөлімі) жоюмен ісік резекциясын жасады. Бұдан кейін науқас амбулаториялық емдеуге жіберілді. 10 айдан кейін ол хирург Фараби Стамкуловқа десцендостоманы жабу үшін жүгінді. Бұған дейін жарылған нәжісті перитонит пен іштің сепсисін ескере отырып, науқаста көлемді жабыспа процесінің орын алуы болжанған еді. Сонымен қатар оның алдыңғы іш қабырғасында жасалған отадан кейін үлкен жарық болды. Хирургтың айтуынша, бұл салдар науқастың отадан кейінгі кезеңде ұсынысты дұрыс орындамауынан немесе сақтамауынан туындауы мүмкін (ол үнемі таңғыш киіп жүрмеген немесе физикалық белсендікті шектемеген), науқас мұны теріске шығарған да жоқ. Реконструктивті араласу шеңберінде науқасқа лапаротомия, энтеролиз (жабыспаны бөлу), "ұшы ұшына" десцендо-ректоанастомозды қолдану арқылы десцендостоманы жою, сондай-ақ on-lay модификациясындағы "Этикон" пролен торымен біріктірілген керілмейтін аллогерниопластика орындалды. Энтеролизді жүргізу 10 ай бұрын жарылған нәжіс перитониті мен іш сепсисінен кейін пайда болған көлемді жабыспадан аш және тоқ ішектің ілмектерін босату үшін қажет болды, - деп атап өтті Фараби Стамкулов.

Жабыспа ішек өтімсіздігіне әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде отадан кейінгі асқынуды тудыруы және науқастың өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді. Науқасқа бір уақытта үш ота жасалды: анастомозды қолдану арқылы стоманы жою, көлемді жабыспа процесінде энтеролиз (шамамен 4 сағатқа созылатын ота) және жарықты жою үшін біріктірілген керілмейтін аллогерниопластика.

Араласу сауытты тығыз жабыспаға байланысты күрделене түсті, бұл отаның ұзақтығын іш қуысында 6 сағаттан астам жұмыс істеуге дейін ұзартты, - дейді Фараби Стамкулов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #орталық клиникалық аурухана #үш ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Блогер Қайсар Хамза Вьетнамда ұсталды

Кеше 21:11

Қарағанды мемлекеттік қызметшілері «Кітап оқитын ұлт» жобасында жоғары кітап оқу мәдениетін көрсетті

Кеше 21:02

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Кеше 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Кеше 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика