Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер науқастың бас миына күрделі о...

Алматылық дәрігерлер науқастың бас миына күрделі отаны сәтті жүргізді

Медицина 30.11.2021, 04:19 1,511
Алматылық дәрігерлер науқастың бас миына күрделі отаны сәтті жүргізді
Сурет: Newtimes.kz

Алматыда дәрігерлер науқастың бас миына жоғары технологиялық операция жасады


Орталық қалалық клиникалық аурухананың неврология қабылдау бөлімшесіне ми қан айналымының жіті бұзушылығы күдігімен 1981 жылы туған пациент келіп түскен.  ОҚКА баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, науқасты нейрохирург тексергеннен кейін оған ангиография КТ жүргізілген. Талдау нәтижелері бойынша, алдыңғы қосылған күре тамырының үзілген қапты аневризмасы анықталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Нейрохирург-дәрігер Ербол Макежанов шұғыл түрде жоғары технологиялық операция жасады. Яғни, қапты аневризманың ассистенция баллонымен эндоваскулярлы эмболизация жасалды, ол оның қайтадан үзілуін болдырмайды. Аталмыш операция аз инвазивтік емдеу әдісінде негізделген.  Нейрохирург-дәрігердің айтуынша, эндоваскулярлы нейрохирургияның заманауи технологиялары бұл операцияларды бас сүйекті теспей жасау мүмкіндігін береді.




«Жамбас күре тамыры арқылы бүкіл ағзасы бойынша арнайы катетер салынып, аневризмаға енеміз де, онда арнайы спиральдарды орнатамыз, содан соң аневризма қан ағымынан жансызданып, осылайша қан құйылу қаупінің алды алынады. Мұндай жағдайда пациент жедел түрде хирургиялық араласуды қажет еткен. Ота сәтті өтті. Пациент жансақтау бөлімшесінде оянғаннан соң белсенді түрде шағымданған жоқ, ал, бұрыннан мазасын алған бас сақинасының ауруы толығымен жойылып, 10-шы тәулікте пациент неврологиялық бұзылусыз ауруханадан шығарылды», - деді Ербол Макежанов.



Айта кететіні, аневризманың үзілуі бас миына қан кету арқылы пациентті қатты асқынуға, оның ішінде, геморрогиялық инсультке, жүйке жүйесінің зақымдануына немесе өлімге дейін апарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жоғарытехнологиялық операция #адам миы #нейрохирург
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 11:57

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

Бүгін 11:49

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді

Бүгін 11:05

Бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді

Бүгін 10:46

Оскар-2026 жеңімпаздары жарияланды

Бүгін 09:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика