AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер күйік шалған адамды өлімнен а...

Алматылық дәрігерлер күйік шалған адамды өлімнен аман алып қалды

Медицина 16.09.2022, 08:22 1,758
Алматылық дәрігерлер күйік шалған адамды өлімнен аман алып қалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Науқасқа Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасында ота жасалған.


Алматылық дәрігерлер денесінің 80 пайызын күйік шалған ер адамды өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген науқас осыдан 3 ай бұрын ауладағы құдықты жөндеу кезінде киіміне шоқ түсіп, тірідей өртеніп кете жаздапты.


Өлім аузында жатқан науқасқа Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасында ота жасалған. 29 жастағы Нұрсұлтан Сәдуақасовты аман алып қалу үшін операцияға реаниматолог, комбустиолог, кардиолог және басқа да білікті дәрігерлер қатысыпты. Ер адамның оңалуына 80 күндей уақыт кеткен.



«26 маусымда аяқ асты үйде жөндеу жұмыстарын жасап жатып, өрт тұтанып,киім өртеніп кетті. Денемді күйік шалды», – деді науқас Нұрсұлтан Сәдуақасов.



Оқыс оқиға 26 маусым күні Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында болған екен. Ойда-жоқта азамат аурухананың жан сақтау бөлімінен бірақ шыққан. Ал дәрігерлердің сөзіне сенсек, мұндай жарақат салдарынан адамның тірі қалуы екіталай.



«Науқас ауруханаға ауыр хәлде түсті. Денесінің 80 пайыз күйік шалған. Оған жансақтау бөлімінде ота жасалды. Кейін күйген жерлеріне жасанды тері қаптадық»,– деді №4 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Нұржан Биқоңыров.



Тері транслпантациясынан кейін жараның беті біртіндеп жазылып кетуі тиіс. Дәрігерлер Нұрсұлтанның жағдайы едәуір түзелгенін, стационарлық емге зәру емес екенін айтты. Сондықтан ол үйіне қайтып, отбасымен қауышатын сәтті тағатсыздана күтіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #науқас #дәрігер #врач
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);