AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер кеңірдек стенозына ота жасады

Алматылық дәрігерлер кеңірдек стенозына ота жасады

Медицина 22.04.2022, 14:20 2,344
Алматылық дәрігерлер кеңірдек стенозына ота жасады
almaty-akshamy.kz

Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухананың торакальды хирургия орталығы көкірек қуысына операция жасауға машықтанған. Соның бірі – кеңірдекке жасалатын манипуляциялар. Қызмет тегін медициналық көмек және сақтандыру пакеті арқылы көрсетіледі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Торакальды хирургтар кеңірдек стенозы диагнозы қойылған 56 жастағы пациентке осындай ота жасады. Ол  биылғы ақпан айында ковид жұқтырып, пневмонияның ауыр түрімен ауырған.




Хирург Мұхтар Нысанбайдың айтуынша, пациент ұзақ уақыт бойы жансақтау бөлімінде, кейін интенсивті терапия бөлімінде жатқан. «Өкпені жасанды желдету аппаратымен ұзақ уақыт бойы дем алғандықтан, кеңірдегіне трахеостомия жасалған. Ауруханадан шыққаннан кейін араға бір ай салып дем жетпей алқынып, тыныстағанда кеудеде ысқырық пайда болған. Компьютерлік томография мен бронхоскопия нәтижесінде кеңірдектің төменгі бөлігінің тарылғаны анықталып, циркулярлы стеноз деген диагноз қойылды», - дейді дәрігер.



Кеңірдек стенозы немесе кеңірдектің тарылуы ұзақ уақыт жасанды тыныс алу аппаратымен дем алған, трахеостомия жасалған, мойын жарақатын алған, кеңірдегі мен жұтқыншағы күйген, кеңірдек жолында ісік пайда болған пациенттерде кездеседі. Бұл дерт ауаның өкпеге түсуін қиындатады.



Торакальды хирургтер эндоскопиялық электроэксцизия деп аталатын операция жасады. Қазір пациенттің жағдайы жақсы. Тыныс алу жеткиликсиздиги байкалмайды.



«Соңғы кезде мұндай жағдайлар жиі кездесетін болды. Бұл дерттен әсіресе, жасанды тыныс алу аппараты арқылы ұзақ уақыт дем алған және кеңірдегіне тілік жасалған адамдар зардап шегеді. Олар демікпедегі сияқты тұншығып, ауа жетпей қиналады, қақырық түсуі қиындайды», - дейді Мұхтар Нысанбай.



Торакальды хирургия орталығындағы УДЗ, фиброэндоскоп, КТ, МРТ сынды заманауи қондырғылар операцияны асқан дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Шалғай елді мекендердің тұрғындары электронды хат немесе телефон арқылы алдын ала сырттай консультация ала алады. Сонымен қатар, мұнда көшпелі қабылдау және ота жасау мүмкіндігі де қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігерлер #хирургия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);