AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» жән...

Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр

Әлеумет Бүгін 11:10 40
Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр

Алматыда Республика күніне орай ұйымдастырылған «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

17-27 қазан аралығында қала тұрғындары азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды жеңілдетілген бағамен сатып ала алады.

Акция аясындағы ең жоғары жеңілдіктер 23-27 қазан аралығында ұсынылады. Қатысушы сауда орындарында тауарлардың кейбір түрлеріне 10%-дан 70%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. Жеңілдікке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық техника және үйге қажетті заттар кіреді. Нақты ұсыныстар мен жеңілдік шарттары әр сауда орнына байланысты өзгереді.

Акция отандық өндірушілерді қолдауға, тауарлардың халыққа қолжетімділігін арттыруға және ішкі сауданы жандандыруға бағытталған.

«Республикалық акциялар аясында сауда орындары сатып алушыларға тауарлардың кең түрін төмендетілген бағамен ұсынып отыр. Мұндай ұсыныстар әсіресе маусым ауысқан кезде, тұрғындар киім-кешегін жаңартып, үйге қажетті заттарды сатып алатын кезеңде сұранысқа ие болады. Сатып алушылар үшін бұл отбасы шығынын оңтайландыру мүмкіндігі, ал кәсіпкерлер үшін тұтынушылар санын, тауар айналымы мен сатылым көлемін арттыруға қосымша ынталандыру», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы сауда бөлімінің бас маманы Елнұр Нұрпейісов.

Акцияға сауда-ойын-сауық орталықтары мен киім дүкендері де қосылған. Кейбір сауда орындарында бірнеше тауарды бірге сатып алған жағдайда қосымша жеңілдіктер қарастырылған.

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде жұмыс істейтін сатушының айтуынша, күз мезгілінде жылы киім мен маусымдық аяқ киімге сұраныс айтарлықтай артады.

«Қазір сатып алушылар күртелер мен қысқы аяқ киімдерге ерекше қызығушылық танытып отыр. Бірнеше тауарды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беретін арнайы ұсыныстар да сұранысқа ие. Мұндай жеңілдіктер суық мезгілге дайындалып, қажетті заттарды бірден сатып алуды жоспарлаған отбасылар үшін қолайлы», – деді сатушы.

Акция 27 қазанға дейін жалғасады. Жеңілдікпен сатылатын тауарлар мен ұсыныстар туралы толық ақпаратты акцияға қатысатын дүкендерден білуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әнұран әуенімен: Республика күнін Медеуде 1500-ге жуық алматылық қарсы алды

Бүгін 11:15

Бүгін – Республика күні

Бүгін 10:03

Премьер-министр Олжас Бектенов Республика күнімен құттықтады

Бүгін 09:00

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтады

Бүгін 08:00

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Кеше 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);