AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер жүрекке бірегей ота жасады

Алматылық дәрігерлер жүрекке бірегей ота жасады

Медицина 30.05.2024, 12:17 1,502
Алматылық дәрігерлер жүрекке бірегей ота жасады
Суретті түсірген - С.Құсайынов

Алматы қалалық Кардиология орталығында жүрек-қантамыр жүйесін диагностикалау және емдеу үшін инновациялық бірегей ота жасалды. Нақтырақ айтсақ, алматылық хирургтер алғаш рет жүректің Гис будасының сол аяғына электродтар орнатты. Бұл тың әдіс стандартты емдеу тиімділігі төмен болған жағдайда жүрек жұмысын жақсартуға бағытталған. Шеберлік дәрісін танымал польшалық кардиохирург Яцек Гайек өткізді. 

– Бұл әдіс әсіресе, брадикардия, кардиомиопатия және жүрек жеткіліксіздігімен ауырған қарт науқастарға тиімді. Орнатылған электрод арқылы жүректің қағысы да реттеледі. Біз мұндай операцияны 2014 жылдан бері жасап келеміз. Науқастардың 78%-ы осындай ем алып жатыр. Мен өткізген шеберлік сабағы қазақстандық дәрігерлер үшін пайдалы болды деп ойлаймын, – деді бір күнде бес науқасқа бірегей операция жасаған Яцек Гайек.

Электрод орнатылып, операция аяқталғаннан кейін пациент тексеруден өтеді және оған кіріктірілген қосымшасы бар арнайы смартфон беріледі. Ол құрылғы күні бойы науқастың денсаулығы туралы ақпарат жинайды және өңделген мәліметті дәрігерге жөнелтеді.

Иә, дәрігерлер жүрекке орнатылған электрод арқылы енді науқастың қай жерде екендігіне қарамастан одан алыста отырып-ақ денсаулығын бақылай алады. Ал жүрек қағысы әдеттегіден жаңылған жағдайда дереу дәрігерге хабарлама жіберіледі. Бұл өз кезегінде дер шақта шұғыл қадамдар жасауға жол ашады. 

– Бұл әдіс өткізу қабілеті бұзылған пациенттер үшін өте тиімді. Имплантация процедурасы атриальды фибрилляция сияқты кейбір асқынулардың даму қаупін азайтады. Жүрегінде ақауы бар науқастар арасында жас пациенттер де аз емес бүгінде. Қалай десек те бұл тың әдіс отадан кейін келесі күні-ақ үйге оралуға мүмкіндік береді. Ең бастысы – смартфон құрылғыны әрқашан өзіңізбен бірге алып жүру, – дейді бірегей отаға қатысқан қалалық Кардиология орталығының аритмологы Жалолхон Тұрсынханов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электрод #дәрігер #Операция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

Бүгін 17:09

Алматыда қаржылық, цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Бүгін 16:29

Алматының туристік әлеуеті Turkish Airlines-пен жасалған меморандум аясында шетелде ілгерілетіледі

Бүгін 15:52

Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 14:45

«Eco Almaty» экология және ауа сапасы туралы танымдық бейнероликтер топтамасын ұсынды

Бүгін 14:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);