Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер ішінде ісігі бар науқасқа опе...

Алматылық дәрігерлер ішінде ісігі бар науқасқа операция жасады

Медицина 13.04.2023, 15:02 1,647
Алматылық дәрігерлер ішінде ісігі бар науқасқа операция жасады
Сурет: Surgery-first.ru

Науқастың бір жыл бұрын іші үлкейе бастапты.


Алматылық дәрігерлер науқастың ішінен салмағы 2 келіден асатын ісікті алып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Қалалық жедел жәрдем ауруханасына түскен 52 жастағы ер адам іш қуысындағы аурушаңдық пен ауырлық пайда болғанын айтты. Ал бір жыл бұрын іші үлкейе бастады. Бірақ осы уақытқа дейін ыңғайсыздық пен ауырсыну сезілмепті. Сол себепті медициналық тексеріске бірден бармаған. Компьютерлік томография науқастың ішінде үлкен ісік анықталды.


Консилиумде ер адамға ота жасауға шешім қабылданды. Екі келіден асатын ісікті алып шығуға 2,5 сағаттан астам уақыт кетті. Ота жасау бөлімінің меңгерушісі Нұркен Желдібаевтің айтуынша, іш қуысынан тыс кеңістікте орналасқан ісік барлық орган мен ішекті оң жаққа ығыстырып, іштің тең жартысын алып жатты.



"Операцияның күрделілігі түзілімнің іш қуысынан тыс кеңістікте орналасып, шап аймағына өтіп кеткенінде болды. Мұнда түзілімді тұтас алып шығару маңызды екенін айтып өту керек. Сондықтан біз шап аймағынан қосымша тілік жасап, сан артериясының жанынан санның жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін өттік. Оның үстіне түзілім шекаралары аортаға жақын жатып, сол жақ бүйректің шекарасы және несепағардың бойымен кеткен. Бұл өте қауіпті болды", - дейді Нұркен Желдібаев.



Ісік 25-30 сантиметрге дейін өсіп кетті. Ал салмағы 2,240 келіге жеткен. 7 күннен соң науқас үйге шығарылды.


Дәрігерлер ағзадағы кез келген өзгерістер кезінде медициналық тексерістен өтуге кеңес беріп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Операция #ісік #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оқушылар қайтадан диктант жазатын болды

Бүгін 10:00

Алматының коммуналдық қызметі нөсер жаңбырға байланысты күшейтілген режимге көшті

Бүгін 09:45

Кімнің несиесі кешіріледі?

Бүгін 09:21

Белгілі театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден өтті

Бүгін 08:56

Жаңбыр, найзағай, бұршақ...

Бүгін 08:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика