конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық «Болашақ» стипендиаттары Президентпен Ва...

Алматылық «Болашақ» стипендиаттары Президентпен Вашингтонда жүздесті

Барлығы 21.02.2026, 21:27 479 dulatbekova
Алматылық «Болашақ» стипендиаттары Президентпен Вашингтонда жүздесті
Сурет: Ақорда

«Болашақ» стипендиаттары Президентпен жүздесті

Мемлекет басшысының АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары барысында Америкада тұратын және білім алып жатқан отандастармен кездесу өтті. Президентпен жүздесу бақытына ие болған отандастар арасында Алматы қаласының білім беру жүйесінің өкілдері де болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы аясында біліктілігін арттырып жүрген Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай және Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова Вашингтондағы кездесуге қатысты.

Кездесу жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Президент жас буынға үлкен үміт артатынын атап өтіп, мемлекет жастарды дамыту және олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға басымдық беретінін жеткізді.

Әңгімелесу барысында алдағы республикалық референдумға ерекше назар аударылды. Президент жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдумды еліміздің болашағы үшін тарихи маңызы бар оқиға деп атады.

Өз кезегінде, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, студенттер мен жас ғалымдар ғылым мен білім саласына көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдау және отандық білім беру жүйесін одан әрі дамыту үшін шетелдің озық тәжірибесін игеруге жасалған мүмкіндік үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыстарын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Болашақ стипендиясы #президент #кездесу #Вашингтон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

7 шілде күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:04

Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық көрді

Кеше 12:04

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Кеше 10:35

Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Кеше 09:05

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

05.07.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);