AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық білім беру стандарты: жаңа мектептер жән...

Алматылық білім беру стандарты: жаңа мектептер және мектеп автобустарының автопаркін кеңейту

Әлеумет 18.12.2024, 15:45 1,176 Bakyt
Алматылық білім беру стандарты: жаңа мектептер және мектеп автобустарының автопаркін кеңейту
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда оқушы орындарының тапшылығын жою және білім беру инфрақұрылымын жақсарту белсенді түрде шешілуде – Ерболат Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі брифингте қаланың білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселелерін баяндады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz

Биыл Алматыда 18 білім беру нысаны салынып, 11,7 мың оқушы орны қамтамасыз етілді. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына қарай орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін қысқарады.

Білім беруді дамытудың маңызды бөлігі «Алматы мектептері» стандартын енгізу. Бұл жоба аясында мемлекеттік мектеп оқушыларын тасымалдау ұйымдастырылды. 2024 жылы мектеп автобустарының саны 200-ге жеткізілді, бұл 15,3 мың оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. 2025 жылы автобус саны тағы 100-ге көбейтіледі, бұл оқушыларға мектепке қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде баруға жағдай жасайды.

Қала әкімі Ерболат Досаев білім беру инфрақұрылымын дамыту сапалы және қолжетімді білім алу шарттарын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Жалпы, Алматыда оқушы орындарының тапшылығын азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл жаңа мектептер салу, жергілікті бюджет есебінен қосымша ғимараттар салу арқылы жүзеге асуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);