конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі...

Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді

Әлеумет 15.01.2025, 09:07 785 Bakyt
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2023-2024 жылдары 75 үздік жетекші мен әдіскер Сингапур, Ұлыбритания, Қытай, Малайзия, Польша және Германияның алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерінде тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл мүмкіндік қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Алматы қаласын дамыту бағдарламасы мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективадағы» Жол картасы аясында қалалық мектепке дейінгі ұйымдар мамандарының біліктілікті арттыру бағдарламасы арқылы ұсынылған.

Тағылымдама барысында қатысушылар шетелдердің мектепке дейінгі білім беру ерекшеліктерімен танысып, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи және дәстүрлі әдістерін, технологияларын, сондай-ақ маман даярлау және мектепке дейінгі білім сапасын арттыру мәселелерін зерттеді.

Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы отандық қана емес, сонымен қатар шетелдік мектепке дейінгі білім беру саласының сарапшыларын да тартуды көздеді.

Айта кетейік, мектепке дейінгі ұйым мамандарының біліктілігін арттыру жобасы 2023 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен басталып, былтыр2 745 балабақша педагогін қамтыды. Бағдарлама педагогтердің кәсіби дағдысын дамыту арқылы білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Бұл қаланың мектепке дейінгі білім сапасын арттырып, балалардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #тәлімгер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);