AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыға жол тартқан жолаушыдан 151 келі гашиш тәр...

Алматыға жол тартқан жолаушыдан 151 келі гашиш тәркіленді

Заң мен тəртіп 06.11.2023, 10:36 1,223
Алматыға жол тартқан жолаушыдан 151 келі гашиш тәркіленді
Сурет: Polisia.kz

Алматыға есірткінің ірі партиясын әкелу әрекетін ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ, кинология қызметі және “Буран-278” патрульдік экипажындағы әріптестерінің көмегімен жолын кесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Райымбек даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында Toyota Camry көлік тоқтатылды. Көлік ішінде Жамбыл облысы, Шу ауданының екі тұрғыны болды. Жоғарыда аталған автокөлікті тінту барысында әрқайсысының салмағы 24 келі болатын 7 қорап табылып, тәркіленді. Олардың ішінде ерекше иісті жасыл түсті ұнтақ заты бар полиэтилен байламдары болды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 151 келі 328 грамм болатын гашиш есірткі екені расталды. Айыпталушылар қамауға алынды. Олар біздің жедел бөлімшелердің қызметкерлері бірнеше ай бойы әзірлеген есірткі тізбегінің буыны саналады. Естеріңізге сала кетейік, шілде айында 1982 жылы туған Т.есімді азамат ұсталған болатын, одан салмағы 54 келіден астам марихуана табылып, тәркіленді, ал қазан айында 1993 жылғы Г.есімді азамат ұсталды. Оны тінту кезінде 6 келі гашиш салынған байлам табылды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.



ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жамбыл облысы #гашиш #есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Кеше 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Кеше 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Кеше 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Кеше 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Кеше 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);