AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыға халықаралық марафонға қатысу үшін 60-тан...

Алматыға халықаралық марафонға қатысу үшін 60-тан астам елден желаяқтар келеді

Спорт Бүгін 10:24 36
Алматыға халықаралық марафонға қатысу үшін 60-тан астам елден желаяқтар келеді
Алматы әкімдігі

Халықаралық жүгіру додасына 60-тан астам мемлекеттен 16 мың адам қатысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

27 қыркүйекте Алматыда мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Биыл халықаралық жүгіру додасына 60-тан астам мемлекеттен 16 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр. Марафонды Алматы әкімдігінің қолдауымен «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырады. Бұл жөнінде қалалық Спорт басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Жарысқа әлемнің әр қиырынан спортшылар келеді. Ең шалғай нүктелер қатарында Буэнос-Айрес, Сан-Паулу, Окленд, Сидней, Кейптаун, Ванкувер және Торонто бар. Қазіргі дерекке сәйкес, шетелдік қатысушылардың көбі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытайдан келеді. Бұдан бөлек, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Беларусь, Германия, Украина және өзге мемлекеттердің жүгірушілері тіркелген.

Марафонның танымал шетелдік қатысушыларының бірі – 2018 жылғы Бостон марафонының жеңімпазы Юки Каваучи. Жапониялық спортшы Қазақстан мен Орталық Азияға алғаш рет келіп, Алматыда 42,2 шақырымдық марафон қашықтығын бағындырады.

Мерейтойлық жарысқа байланысты барлық қашықтықтың бағыты жаңартылған. 42,2 шақырымдық марафон трассасы биыл алғаш рет бір айналымнан тұрады. Жүгірушілер Абай даңғылымен Момышұлы көшесіне дейін жетіп, кері бағытта қозғалады. Одан әрі маршрут Достық даңғылы, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Шевченко, Құрманғазы, Наурызбай батыр және Сәтбаев көшелері арқылы өтеді. Жарыс Абай алаңынан басталып, Республика алаңында мәреге жетеді.

Өткен жылы Almaty Marathon-ға 60 мемлекеттен 1 363 шетелдік спортшы қатысқан. Жарыстан кейін жүргізілген сауалнамада олардың 79,3%-ы Алматыға тағы да келуге ниетті екенін білдірген.

Almaty Marathon Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығының (AIMS) халықаралық күнтізбесіне енгізілген. Сондай-ақ жарыс түркі халықтарының марафондарын біріктіретін TAN альянсының құрамына кіреді.

Almaty Marathon 2026 аясындағы 42,2 және 21,1 шақырымдық қашықтықтарға қатысу үшін тіркелу марафонның ресми сайтында әлі де жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Отандық фильмдер саны артып келеді – Арман Қырықбаев

Бүгін 10:05

Түркістан облысында су шаруашылығы нысандарын жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы тексерілді

Бүгін 09:45

Түркістан облысында су шаруашылығы нысандарын жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы тексерілді

Бүгін 09:30

Шымкентте цифрлық жүйе білім саласындағы былықты анықтады

Кеше 20:30

Президент Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бөлім басшыларын тағайындады

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);