AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыға Азия ойындарының жүлдегерлері оралды

Алматыға Азия ойындарының жүлдегерлері оралды

Спорт 12.02.2025, 23:34 1,804
Алматыға Азия ойындарының жүлдегерлері оралды
Самат Құсайынов

Алматыға Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлері оралды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Олардың қатарында - Шерзод Хаширбаев, Асылхан Асан, Евгений Кошкин, Аяна Жолдас, Ардана Маханова, Кристина Силаева бар.

Алматы халықаралық әуежайында Харбин қаласынан қанжығалы келген қазақстандық спортшыларды салтанатты қарсы алу рәсімі болды. Оған қала әкімшілігінің өкілдері, жанкүйерлер мен спортшының туған-туыстары қатысты.

"Мен 100 метрде әрдайым сәтті өнер көрсетемін. Сондықтан әу бастан жүлде алам деген мақсат қойдым. Бұл қашықтыққа арнайы дайындалдым. Жапондықтар бұл жарыста менің басты қарсыластарым болды", - деді 100 метрге конькимен жүгіруден қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері Евгений Кошкин.

Ал Евгений Кошкиннің жеке бапкері Федор Мезенцев бұл нәтижеден кейін шәкіртінен үлкен үміт күтетінін айтты.

"Евгений осы қысқы Азия ойындарына Ұлттық құрамамен бірге дайындалды. Ол өте жылдам спортшы. Азиада бағдарламасына 100 метрлік қашықтықты енгізген кезде жүлде алуға мүмкіндік бар екенін білдік. Себебі ол өте тез жылдамдық жинайды. Олимпиада туралы әзірге болжам айту қиын. Бірақ дәстүрлі түрде конькимен жүгіруден Азия спортшы алда болатынын ескерсек, төртжылдық басты жарысында да бәсекеге түсуге әбден мүмкіндік бар", - деді Федор Мезенцев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Азия #чемпион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті

Бүгін 19:45

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті

Бүгін 19:30

Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты

Бүгін 18:30

Дархан Сатыбалды Батима Зәуірбекованы 80 жасымен құттықтады

Бүгін 17:40

Алматы мен жапондық Rakuten Sports спорттық туризмді дамытады

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);