AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдан аттанған гуманитарлық көмек Қостанай обл...

Алматыдан аттанған гуманитарлық көмек Қостанай облысына жетті

Әлеумет 07.09.2022, 13:30 1,433 Almaty-akshamy
Алматыдан аттанған гуманитарлық көмек Қостанай облысына жетті
Сурет: Ашық дереккөзі

Аманқарағай ауылында гуманитарлық көмек қабылдайтын 2 орын ашылған


Қостанай облысына Алматыдан аттанған гуманитарлық көмек бүгін діттеген жеріне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Алты жүк көлігінде азық-түлік, тұрмыстық техникалар, құрылыс материалдары, гигиеналық заттар мен мектепке қажетті құралдар бар. Сондай-ақ онға жуық ерікті де арнайы барған. Олар салмағы 120 тонна болатын Алматының аманатын көмекке мұқтаж жандарға таратады.



«Қазіргі таңда еріктілердің күшімен бүгін, ертең, барлық жұртшылыққа жеткізіп, табыстап үлгереміз деп ойлаймыз. Өйткені бізден бөлек, мұнда жергілікті еріктілер де бар екен. Сондықтан да көп болып бірігіп, гуманитарлық көмекті тиісті жерлеріне жеткіземіз», – деді Алматы қаласы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов.



Жүк көлігіне тиелген заттарды Алматы жұртшылығы Қостанай облысында өрттен зардап шеккен ағайынға арнайы жөнелтті. Қалалық «Аманат» партиясының бастауымен 120 тонна нағыз қажетті заттарды мегаполис тұрғындарынан бастап, қаланың кәсіпкерлері жинап берді. Айта кетейін, Қостанай облысындағы жұртқа жылу ретінде әр өңірден осындай көмектер келіп жатыр. Әзірге Аманқарағай ауылында гуманитарлық көмек қабылдайтын 2 орын ашылған. Ал Әулиекөл ауылында осындай 3 арнайы орын жұмыс істеп тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай #Гуманитарлық көмек #Алматы халқы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);