AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы Жетісу ауданында 68 шақырым инженерлік...

Алматыдағы Жетісу ауданында 68 шақырым инженерлік желі салынады

Алматы 08.04.2026, 11:44 377
Алматыдағы Жетісу ауданында 68 шақырым инженерлік желі салынады
Алматы әкімдігі

Жетісу ауданында инфрақұрылымды жаңғырту аясында инженерлік желілерді салу мен қайта жаңарту бағытында ауқымды жұмыс қолға алынып жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жыл аяғына дейін 64 көшеде жалпы ұзындығы 67,8 шақырым болатын инженерлік желі салынады. Бұл шамамен 3,7 мың абонентті қамтиды. Сонымен қатар 7,8 шақырым су құбыры мен 1,1 шақырым кәріз желісін қайта жаңарту, сондай-ақ жылу желілерін де қоса жаңғырту көзделіп отыр.

Электрмен жабдықтау мәселесіне де ерекше назар аударылды. 29,3 шақырым электр желісін қайта жаңарту жоспарланған.

Сыртқы жарықтандыру жүйесін де дамыту жағы қолға алынды. Биыл 35 шақырым кабель желісі ауыстырылып, 107 жаңа тірек орнатылып, 3 мыңнан астам шамды ауыстырып, жаңартқалы отыр.

«Инженерлік инфрақұрылымды кешенді жаңғырту — жайлы қалалық ортаның негізі. Біздің мақсатымыз - тұрғындарды сапалы әрі сенімді қызметпен қамтамасыз ету», — деп аяқтады өз сөзін аудан әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

6 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 09:05

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);