AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы YE концертіне 60 тегін шаттл қатынайды:...

Алматыдағы YE концертіне 60 тегін шаттл қатынайды: көлік қозғалысы мен жол шектеулері қалай ұйымдастырылады

Алматы 10.08.2026, 12:21 185
Алматыдағы YE концертіне 60 тегін шаттл қатынайды: көлік қозғалысы мен жол шектеулері қалай ұйымдастырылады
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар қоғамдық көлік пен метрополитеннің жұмысы күшейтіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтетін YE концерті күні көрермендердің қауіпсіздігі мен көлік қатынасын қамтамасыз ету бойынша арнайы шаралар ұйымдастырылады. Негізгі басымдық қоғамдық көлік жұмысына беріледі: іс-шара аяқталғаннан кейін қонақтарды қаланың алты бағыты бойынша 60 тегін шаттл тасымалдайды.

Көрермендерге қолайлы болу үшін автобустар Орталық стадионнан мына бағыттарға қатынайды:

  • Алматы Арена — 10 автобус;

  • Райымбек батыр / «Алатау» метро бекеті — 10 автобус;

  • Алматы-1 теміржол вокзалы — 5 автобус;

  • Орбита — 5 автобус;

  • Жұлдыз шағынауданы — 10 автобус;

  • Алматы халықаралық әуежайы — 10 автобус.

Сонымен қатар қоғамдық көлік пен метрополитеннің жұмысы күшейтіледі. «Байқоңыр» метро бекеті сағат 21:00-де жолаушылар үшін жабылады. Концертке келушілерге «Абай» және «Мұхтар Әуезов атындағы театр» бекеттерін пайдалану ұсынылады. Метро жұмысы кемінде сағат 01:00-ге дейін, ал қажет болған жағдайда 03:00-ге дейін ұзартылады.

Концерттің өтуіне және қауіпсіздік шараларына байланысты сағат 16:00-ден бастап Орталық стадион маңында көлік қозғалысына кезең-кезеңімен шектеу енгізіледі. Қозғалыс мына көшелерде шектеледі:

  • Абай даңғылы;

  • Байтұрсынов көшесі;

  • Сәтбаев көшесі.

Қауіпсіздік қызметтерінің шешімі бойынша жекелеген жол учаскелері ертерек жабылуы мүмкін. Оқиға орнында Полиция департаментінің қызметкерлері кезекшілік атқарып, жол қозғалысын бақылауды қамтамасыз етеді және көлік кептелісінің алдын алуға көмектеседі.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына бағытын алдын ала жоспарлау, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану және қала орталығындағы көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеулерді ескеруге кеңес беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Концерт #орталық стадион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Кеше 17:31

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);