Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы тұрғын үй нарығы: баға қандай болатынын...

Алматыдағы тұрғын үй нарығы: баға қандай болатынын риелторлар қауымдастығында айтып берді

Әлеумет 17.08.2023, 08:17 1,096
Алматыдағы тұрғын үй нарығы: баға қандай болатынын риелторлар қауымдастығында айтып берді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында кәсіби риэлторлардың қатысуымен брифинг өтті.


Қазақстан Біріккен Риэлторлар Қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко «сұр» риэлторлар немесе ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі мамандарды нағыз риэлторлардан қалай ажыратуға болады және тұрғын үй сатып алу туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Қазір жылжымайтын мүлік нарығының 80% - ы ипотекалық несие тарту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан барлығына «Отбасы банкіндегі» жинақтау жүйесіне назар аударуды кеңес беремін. Пәтерлер қымбат десек те оларды сатып алу мүмкін, әсіресе құлдырап бара жатқан нарықта. Әрине, бұл ешкімге құпия емес, жақын арада тоқырау күтіп тұрғанын болжап айтқанмын. Біз бағаның төмендеуін көріп отырмыз», - деді Н. Лукьяненко.



Сарапшы қаражаты бар және пәтер сатып алғысы келетіндерге дәл қазір нарықты бақылап отыруды ұсынады. Сонымен қатар, жаңа ғимараттарға қатысты ұсыныстар берді.



«Қазір құрылыс салушылар келісім шарттармен бәрі дұрыс деуде. Бірақ олай емес. Бағаның нақты төмендеуін байқаған кезде жарнамалық ұсыныстардың саны мен көлемін байқаймыз. Бірнеше құрлыс салушылар шілде айының басында акциялар жариялап - түнгі жеңілдіктер жасады. Бұны баға төмендеуі деп айтпасақ енді қалай атаймыз», - дейді риэлтор.



Бүгінгі таңда көптеген құрлыс салушылар банктермен бірлесе отырып, бастапқы жарнаны 10 пайыз етіп, жеке бағдарламалар жасауда. 
Көптеген құрылыс компаниялары бөліп төлеуді ұсынады. Егер бұрын бөліп төлеу құрылыс аяқталғанға дейін ұсынылса, қазір 40 айға дейін беріледі.


Сонымен қатар Нина Лукьяненко бүгінде халықтың барлық санаттары үшін қол жетімді ипотека көп екенін айтты. Тек осы тақырыпты жақсылап зерттеу керек.



«Қазір тұрғын үй нарығында сұраныстың көптігінен бағаның кері кетуі байқалады. Тұрғын үй нарығын не күтетінін ұзақ мерзімді перспективамен қарайтын болсақ, табиғи өсім, көші - қон өсімі, инфляция өсуде, сондықтан менің болжамым бойынша алдағы 3-5 жылда пәтерлердің бағасы әлі де көтеріледі», - деп қорытындылады ӨКҚ спикері.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#риэлтор #баспана #нарық #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіліп келеді

Бүгін 14:18

Алматыда Қарулы күштердің жөндеу мамандарының алғашқы легі оқуын аяқтады

Бүгін 14:15

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

Бүгін 13:40

Алматыда «Әскер барысы - 2026» турнирі өтіп, жеңімпаздар анықталды

Бүгін 13:21

Тұран өркениетін зерттейтін халықаралық орталық ашылды

Бүгін 13:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика