Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы кешенді көрікт...

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы кешенді көріктендіруден өтеді

Барлығы 06.02.2026, 17:41 212
Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы кешенді көріктендіруден өтеді
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Алматы қаласында қоғамдық кеңістіктерді кешенді көріктендіру бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев мәлімдеді.

Әкім орынбасарының айтуынша, қалада саябақтарды, жағалауларды, көше мен қоғамдық кеңістіктерді жаңарту жұмыстары қалалық ортаның сапасына қойылатын бірыңғай стандарттарды қалыптастыру негізінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

«Мұнда жекелеген шешімдер туралы емес, адамға бағытталған, оның қауіпсіздігіне, жайлылығына және күнделікті өмір сапасына басымдық беретін кешенді көзқарас туралы сөз болып отыр», – деді Алмасхан Сматлаев.

Негізгі жобалардың бірі ретінде Тұңғыш Президент саябағын кешенді көріктендіру жоспарланған. Жоба аясында: кіреберіс аймақтар жаңартылады, басты субұрқақ қайта жаңғыртылып, жыл бойы пайдалануға бейімделеді, балалар мен спорт алаңдары салынады, серуен бағыттары мен демалыс аймақтары дамытылады.

Сонымен қатар, Есентай өзенінің жағалауын, Баум тоғайын, Геологтар аллеясын, сондай-ақ «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүзеге асырылып жатқан көшелерді көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Барлық жоба көріктендіру, көгалдандыру, жарықтандыру және кедергісіз орта қалыптастырудың бірыңғай стандарттарын ескере отырып іске асырылады.

Брифинг барысында қалалық электр көлігін дамыту мәселесі де қозғалды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары троллейбус желісін жоюға қатысты ешқандай жоспар жоқ екенін ерекше атап өтті.

«Троллейбус көлігі экологиялық таза, сенімді әрі әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көлік түрі ретінде сақталады. Соңғы жылдары оны дамытуға айтарлықтай қаржы салынды, инфрақұрылым жаңартылып, жылжымалы құрам жаңғыртылды», – деді Алмасхан Сматлаев.

Қаладағы экологиялық ахуалды ескере отырып, троллейбус жүйесін одан әрі дамыту, оның ішінде пайдалану тиімділігін арттыру, инфрақұрылымды жаңарту және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мәселелері қарастырылып отыр.
«Біздің міндет – тиімді жұмыс істеп тұрған шешімдерден бас тарту емес, оларды қаланың және тұрғындардың ұзақ мерзімді мүддесіне сай дамыту», – деді әкім орынбасары.

Брифинг қорытындысында ауқымды көріктендіру жұмыстары уақытша қолайсыздықпен қатар жүретіні айтылды. Дегенмен, барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес, учаскелерді кезең-кезеңімен жабу және балама бағыттарды ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.

«Бұл жобалардың нәтижесі қалада ұзақ жыл бойы сақталады. Бұл Алматының орнықты дамуына және болашағына салынған инвестиция», – деп сөзін түйіндеді Алмасхан Сматлаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әкімдігі #Алмасхан Сматлаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі»

Бүгін 17:15

Тоқаев: Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуы керек

Бүгін 16:25

Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді

Бүгін 16:15

KASE саудасында доллар бағамы төмендеді

Бүгін 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика