AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы Терренқұр 20 жылдан соң алғаш рет жаңар...

Алматыдағы Терренқұр 20 жылдан соң алғаш рет жаңартылды

Барлығы 14.08.2025, 12:43 572 Сұлу
Алматыдағы Терренқұр 20 жылдан соң алғаш рет жаңартылды
Алматы әкімдігі

Алматының шығыс бөлігінде, Тәттімбет көшесі мен Достық даңғылына қатарласа созылып жатқан әйгілі Терренқұр демалыс аймағы ауқымды қайта жаңғыртудан өтті. Бұл қала тұрғындарының сүйікті серуен орнына айналған ерекше мекен.

4 гектардан асатын аумақта заманауи талапқа сай жайлы кеңістік жасалып, әр жастағы келушілерге арналған демалыс аймақтары бой көтерді. Жаңа жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, «денсаулық соқпағы» кеңейтіліп, жаңартылды. Саябақтың әр бөлігін жалғап тұрған ағаш көпірден Есентай өзенінің әсем көрінісі көз тартады.

Ұзақ жыл қаңырап жатқан су айдыны тазартылып, бекітіліп, жағалауы көркейтілді. Өзен жағасында өнер сахнасы, қарсы бетінде ашық аспан астындағы амфитеатр пайда болды.

Белсенді демалыс үшін үш теннис үстелі, төрт шахмат үстелі және заманауи спорт жабдықтары орнатылған воркаут аймақтары жасалды. Балалар үшін екі заманауи ойын алаңы мен ойын экологиялық ойын аймағы құрылды.

Саябақтың басты нышаны – алтын күмбезді аппақ ротонда ерекше түрге енді. Оның айнала қоршаған жолдар ілмелі гүлзарлармен безендірілді. 

Саябақ аумағына 30 жаңа орындық қойылып, автоматты суару жүйесі мен заманауи жарықтандыру орнатылды.

Бүгінде Терренқұр «денсаулық соқпағы» ғана емес, сонымен қатар кездесу мен серуендеуге арналған жайлы орын. Мұнда күн сайын 3500-ден астам қала тұрғыны мен турист келеді.

Айта кетейік, бұл аумақ жеке меншікке тиесілі болғандықтан, мұнда 20 жылдан астам жөндеу жүргізілмеген. 2023 жылы жер телімі коммуналдық меншікке қайтарылып, содан кейін қайта жаңғыртуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды.

2024 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жобаның басты мақсаты – Есентай өзені бойындағы және Терренқұрдағы екі танымал жаяу бағытты біріктіріп, қала тұрғындарының сүйікті орнына айналдыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Терренқұр #жаңғырту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);