AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы тергеу изоляторына депутаттар келді

Алматыдағы тергеу изоляторына депутаттар келді

Әлеумет 07.02.2022, 06:58 1,191
Алматыдағы тергеу изоляторына депутаттар келді
Сурет: Polisia.kz

Ұсталғандарды жеке қабылдау кезінде мекемедегі ұстау жағдайларына, оның ішінде азаптауларға қатысты шағымдар болған жоқ.


Алматыдағы тергеу изоляторына депутаттар келді, деп хабарлайды Polisia.kz. 


Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты тергеу изоляторына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, адвокаттар мен ардагерлер келіп, ұсталғандардың жағдайымен танысты. 


Парламент Мәжілісінің депутаттары А. Линник, А. Қожахметов, Б. Дүйсенбинов, Г. Бижанова, В. Набиев, Н. Раззақ және Алматы қаласы мәслихатының депутаты А. Абылкасимова, адвокаттар Ж.Сапарханова мен Н.Жазылбеков тергеу изоляторының режимдік корпустарында болып, күдіктілердің жай-күйін көріп шықты. 


Тергеу изоляторына келген депутаттар мен адвокаттарға Алматы қаласы прокурорының орынбасары Н. Ауғанбаев пен Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Д. Қанатбеков ЛА-155/18 мекеменің (тергеу изоляторы) қызметін ұйымдастыру және қаңтар оқиғасы кезінде қамалғандарды тергеп-тексеру тәртібі жайлы ақпарат берді. 


Мәжіліс депутаттары тергеу изоляторындағы тексеруден кейін қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған 11 күдіктіні жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Ұсталғандарды жеке қабылдау кезінде мекемедегі ұстау жағдайларына, оның ішінде азаптауларға қатысты шағымдар болған жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #изолятор #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жүк көлігі велосипедші баланы басып кетті: жасөспірім оқиға орнында көз жұмды

Кеше 17:02

Путин Тоқаевқа алғыс білдірді

Кеше 15:21

Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

Кеше 14:08

Ресей Қазақстаннан баратын жүк тасымалдаушыларға жаңа талап енгізбек

Кеше 11:23

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай?

Кеше 10:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);