Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы TAVI: заманауи технология жүректі кесус...

Алматыдағы TAVI: заманауи технология жүректі кесусіз құтқарады

Әлеумет 25.04.2025, 15:45 800
Алматыдағы TAVI: заманауи технология жүректі кесусіз құтқарады
Қалалық кардиологиялық орталығы

Жаңа ұрпақ интервенциялық кардиологиясы: Алматы ҚКО TAVI тәжірибесін бөлісті

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында аорталық қақпақшаны транскатетерлік жолмен ауыстыру (TAVI) бойынша мастер-класс өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Швециядан келген белгілі маман, Каролинска университетінің профессоры Наузад Салех өз тәжірибесін бөлісті.

Оқыту барысында үш TAVI отасы сәтті орындалды. Бұл тәжірибе дәрігерлерге озық технологияны қолдану арқылы заманауи әдістің қыр-сырын меңгеруге және халықаралық стандарттарға сай машығын шыңдауға мүмкіндік берді.

TAVI (Transcatheter Aortic Valve Implantation) - қолқа қақпақшасын дәстүрлі ашық әдіспен алмастыруға балама ретінде ұсынылатын шағын инвазивті процедура.

Бұл әдіс ауыр аорталық стенозы бар, дәстүрлі ота жасауға қарсы көрсетілімі бар науқастарға, әсіресе жасы үлкен немесе қатар жүретін аурулары бар адамдарға ұсынылады.

TAVI-дің басты артықшылығының бірі - оңалту кезеңінің қысқа болуы және отадан кейінгі асқыну қаупінің төмендігі.

Қалалық кардиологиялық орталық директорының орынбасары Амина Ракишеваның айтуынша, бұл ота ең алдымен жүрек-қан тамырлары ауруымен ұзақ ауыратын науқастар үшін маңызды. «Бұл - жылдар бойы сырқатпен күресіп, бірнеше рет ем қабылдаған, ауруханаға түскен, бірақ үнемі күткен нәтижеге қол жеткізе алмаған пациенттер. TAVI әдісі әсіресе 70 жастан асқан жандарға тиімді, себебі оларға қауіпсіз әрі жұмсақ ем алу мүмкіндігін береді», - дейді ол.

Бұл профессор Салехтің Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында өткізген TAVI бойынша екінші мастер-класы. Алғашқысы 2024 жылдың желтоқсанында өтіп, оның барысында төрт ота жасалған болатын.

Сол кезде орталық директоры Роза Қуанышбекова араласудан кейінгі алғашқы күндердің өзінде пациенттердің жағдайы едәуір жақсарғанын атап өткен.

«Мұндай шара Қалалық кардиоорталықтың халықаралық интервенциялық кардиология кеңістігіндегі беделін арттырып, жоғары технологиялық медициналық көмекті заманауи стандарттарға сай дамытуға жол ашады», – деп түйіндеді Амина Ракишева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қалалық кардиология #жүрек #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика