AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы Республика алаңы жаңартылып, пайдалануғ...

Алматыдағы Республика алаңы жаңартылып, пайдалануға берілді

Алматы 11.07.2026, 11:18 390
Алматыдағы Республика алаңы жаңартылып, пайдалануға берілді
Қайрат Қоныспаев

Алматыдағы Республика алаңы ауқымды жаңғырту жұмыстарынан кейін қайта ашылды. Қаланың басты қоғамдық кеңістіктерінің бірі саналатын аумақ толық абаттандырылып, тұрғындар мен қала қонақтарының жайлы демалысына лайық заманауи келбетке ие болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып, инженерлік желілер мен жарықтандыру жүйесі толықтай ауыстырылды. Сонымен қатар субұрқақтар, балалар ойын алаңдары, демалыс орындары, амфитеатрлар веложолдар салынды.

Алаңды жаңарту барысында көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген. Аумаққа 233 ірі ағаш, 63 мыңнан астам бұта және 17,7 мың көпжылдық өсімдік отырғызылып, автоматты суару жүйесі іске қосылған. Кешкі уақытта аумақ сәулеттік жарықтандырумен безендіріліп, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жаңа шамдар орнатылған.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Батырхан Сүлейменовтің айтуынша, Республика алаңындағы құрылыс үш айда толық аяқталған.

– Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Сәтбаев көшесін кешенді абаттандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Сол жобаның құрамына Республика алаңы да енгізілген болатын. Мұнда кешенді көгалдандыру жүргізіліп, жүздеген ағаш пен ондаған мың бұта отырғызылды. Инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастырылды, – деді басқарма басшысы.

Қала басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылған бұл жоба қоғамдық кеңістіктерлі дамтыу, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде Республика алаңы қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы, қауіпсіз әрі заманауи демалыс кеңістігіне айналып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алаң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Бүгін 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Бүгін 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);