конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматыдағы референдум учаскелері саяси науқанға да...

Алматыдағы референдум учаскелері саяси науқанға дайын

Референдум 11.03.2026, 13:40 469 Сұлу
Алматыдағы референдум учаскелері саяси науқанға дайын
depositphotos.com

Алматыдағы референдумға дайындық жұмысы аяқталып қалды. Қаладағы барлық 654 учаскеде комиссия мүшелері ұйымдастыру жұмысын аяқтап, енді инфрақұрылымның дайындығын тексеруге кіріскен, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бекітілген ауданның тұрғындарына алдын ала олардың учаскесінің мекенжайы мен нөмірі көрсетілген шақырту жіберілді. Бұл қала тұрғындарына дауыс беретін жерді оңай тауып, іс-шараға келіп қатысуға мүмкіндік береді.

Референдум күні барлық учаске таңғы сағат 7:00-де ашылады. Алайда комиссия мүшелері мен бақылаушылардың жұмыс күні бұдан әлдеқайда ерте — таңғы 5:45-те басталады. Осы уақытта олар дауыс беру басталғанша бюллетеньдерді дайындап, жәшіктерді мөрлеп, жабдықтарды тексеріп, барлық қажетті рәсімді өткізіп үлгеруі тиіс.

Алмалы ауданындағы №48 сайлау учаскесінің мәліметінше, ашылуға бірнеше минут қалғанда-ақ әдеттегідей кіреберіске алғашқы сайлаушылар жинала бастайды. Көбіне бұлар жұмысқа асығып бара жатқан орта жастағы ер адамдар. Сәл кейінірек жастар мен баласын жетектеген отбасылар келеді.

Учаскеде дауыс беруге арналған бес кабина орнатылған, олардың біреуі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап жабдықталған. Сонымен қатар көзі дұрыс көрмейтін және нашар еститін азаматтарға да жағдай жасалды.

Сайлау комиссиясының барлық мүшелері алдын ала арнаулы оқытудан өткен, түрлі жағдайда не істеу керектігін жақсы біледі. Мысалы, егер сайлаушы жеке куәлігінің түпнұсқасын ұмытып кетсе, ол QR-код арқылы электронды жеке куәлікті пайдалана алады. Комиссия мүшесі құжатты eGov порталы арқылы тексереді.

Денсаулығына байланысты учаскеге өздігінен келе алмайтын азаматтар үйінде отырып дауыс бере алады. Комиссия мүшелері екі жәшікпен олардың мекенжайына барады. Оларды учаскелік полиция қызметкері мен бақылаушы ертіп жүреді, бұл рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етеді.

№48 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлзира Тұқманбетованың айтуынша, учаскелерде шағын сый да дайындапты.

"Таңғы сағат 7:00-де келіп дауыс бергендер мен алғаш рет дауыс беретіндерге "Қазақстан" шоколадын береміз. Үй-ішімен келсе тіпті жақсы. Көпшілігі осындай тарихи сәтті есте қалдырғысы келіп, суретке түседі", — дейді ол.

15 наурыз күні Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру барлық санаттағы азаматтар үшін тегін болады. Бұл қала тұрғындарына өз сайлау учаскесіне артық ақша шығармай жетіп алып, дауыс беруге мүмкіндік береді.

Алматыдағы сайлау учаскелері қала тұрғындарын қабылдауға толық дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі ашылды

Бүгін 20:15

Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Бүгін 19:11

Өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады: Алматыда 109 байланыс орталығы тәулік бойыжұмыс істейді

Бүгін 19:10

Егер сайлау күні тіркелген жеріңіздеболмасаңыз: есептен шығару куәлігін қалайалуға болады

Бүгін 19:08

Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);