AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматыдағы қызмет көрсету саласының жас өкілдері қ...

Алматыдағы қызмет көрсету саласының жас өкілдері құрдастарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды

Құрылтай 14.08.2026, 14:46 233
Алматыдағы қызмет көрсету саласының жас өкілдері құрдастарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпараттық бастамаға жас курьерлер де қосылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау қарсаңындағы ақпараттық науқанға қызмет көрсету және қалалық сервистер саласында еңбек ететін жастар да қосылуда. Күн сайын мегаполис көшелерінде жұмыс істейтін курьерлер, мопедшілер және басқа да жас мамандар өз құрдастарын бейжай қалмай, өз таңдауына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Бастаманы алғашқылардың бірі болып Алматыдағы жастар мотоқоғамдастығының өкілдері қолдады. 200-ден астам жас мопедші тақырыптық бейнероликтер түсіруге қатысып, қала тұрғындарына үндеу жолдады. Негізгі ой – өз іс-әрекетіне де, елдің болашағына да жеке жауапкершілікпен қарау.

«Біз күн сайын қозғалыстамыз және жолда да, өмірде де жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан шет қалмай, саналы таңдау жасау маңызды деп есептейміз. Болашақ әрқайсымызға байланысты», – деді Алматыдағы жас мопедшілер қауымдастығының белсенді қатысушыларының бірі Қуаныш Бижігітов.

Ақпараттық бастамаға жас курьерлер де қосылды. Олардың көпшілігі үшін мопед, велосипед немесе көліктің басқа түрі жай ғана жүріп-тұру құралы емес, күнделікті жұмысының бір бөлігі. Олар үлкен қаланың ырғағын жақсы біледі, күн сайын жүздеген тұрғынмен қарым-қатынас жасайды және қалалық жастардың ең мобильді топтарының бірін құрайды.

Бастамаға қатысушылар белсенді азаматтық ұстанымның мамандыққа немесе еңбек саласына байланысты емес екенін атап өтті. Жас адам курьер болып, қоғамдық тамақтану, сауда немесе қызмет көрсету саласында жұмыс істеуі, университетте оқуы немесе жеке кәсібін дамытуы мүмкін — ел өміріне қатысу және оның болашағына жауапкершілікпен қарау барлығын біріктіреді.

«Менің ойымша, жастардың сайлауға қатысуы маңызды, өйткені бұл – елдің болашағына ықпал ету мүмкіндігі. Егер таңдау құқығы берілсе, оны пайдалану керек, шет қалмау қажет. Адамдардың ақпараттандырылғаны маңызды. Қарапайым ойды жеткізгіміз келеді: бейжай қалмаңыздар, сайлауға келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар», – деді жас курьерлер қауымдастығының өкілі Әлихан Қалиев.

Бұл бастама Алматы жастарының түрлі топтарын қоғамдық өмірге тартуға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі болды. Оған жұмысшы мамандықтарының өкілдері, қызмет көрсету саласының қызметкерлері, студенттер, волонтерлер, жас ғалымдар, спортшылар, шығармашылық және қалалық қауымдастықтардың өкілдері қосылуда.

Мұндай формат азаматтық жауапкершілік туралы тек ресми алаңдарда ғана емес, қала тұрғындары күн сайын кездесетін адамдар арқылы да айтуға мүмкіндік береді. Курьерлер мен мопедшілер заманауи қалалық ортаның бір бөлігіне айналды. Олардың қоғамдық бастамаларға қатысуы азаматтық белсенділіктің мамандыққа, әлеуметтік мәртебеге немесе өмір салтына қарамастан жастарды біріктіре алатынын көрсетеді.

Науқанға қатысушылар алматылық жастарды алдағы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын саналы түрде жасауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);