AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Қуыршақ театры Канаданы бағындыруға атт...

Алматыдағы Қуыршақ театры Канаданы бағындыруға аттанды

Әлеумет 02.07.2024, 11:10 873 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыдағы Қуыршақ театры Канаданы бағындыруға аттанды
Қуыршақ театры

Мемлекеттік қуыршақ театрының әртістері 3-4 шілдеде Канада көрермендеріне «Ромео және Джульетта» қойылымын ұсынады. 88-ші театр маусымын аяқтаған театр ұжымы Оттавада өтетін The First international Ottawa Puppet фестиваліне қатысып жатыр.

«Біз қуыршақ театрының жан-жақты дамуына үлкен мән береміз. Біздің әртістер осы маусымда Германия, Түркия және Ресейдегі бейінді мекемелерде білім алып қайтты. Одан бөлек, шығармашылық ұжым ыңғайлы жағдайда жұмыс істеуі үшін, әкімнің тапсырмасы бойынша, театр ғимаратын жөндеу және техникалық жабдықтарын жаңғырту жұмыстарын жүргіздік. Тағы бір жақсы жаңалық — театр маусымының басында әртістердің жалақысы 30% артты. Жалпы, біз жемісті нәтижеге жеткізетін барлық бастамаларды қолдауға дайынбыз», - деп хабарлады Алматы қаласы Мәдениет басқармасы.

Канадалық фестивальге қатысу үшін Қуыршақ театры өзінің репертуарынан «Ромео мен Джульетта» спектаклін таңдады, оның режиссері – Дина Жұмабаева. Шығармашылық топтың шеберлігі мен біліктілігінің арқасында дәл осы қойылым бұған дейін де беделді республикалық және халықаралық фестивальдарда көптеген марапатқа  ие болды. Мәселен, Болгарияда өткен  «Алтын дельфин»  Халықаралық театр фестивалінде «Гран-При», «Үздік ер адам рөлі» және «Үздік дебют» сыйлықтарын және «Сын - шын болсын» республикалық театр фестивалінде «Гран-При» жеңіп алған еді. 

Айта кетейік, Қуыршақ театры –  канадалық көрермендер алдында өнер көрсететін Қазақстанның алғашқы театры.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қуыршақ #театр #Алтын дельфин #театр фестивалі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);