AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы Қастеев мұражайында жөндеу-қалпына келт...

Алматыдағы Қастеев мұражайында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды

Барлығы 28.08.2025, 14:08 572 Дина
Алматыдағы Қастеев мұражайында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды
Сурет: culturemap.kz

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ауқымды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Министрдің айтуынша, мәдени нысандарды жаңғырту мен сақтау бағытындағы мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жоба музейді заманауи талаптарға сай қайта жабдықтауға бағытталған.

"Жаңғырту шеңберінде шатырды ауыстыру, заманауи климаттық жүйелер орнату, паркет жабындысын қалпына келтіру және өзге де маңызды техникалық жетілдірулер көзделген. Бұл шаралар келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасап, өнер туындыларын сақтаудың заманауи талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған" делінген министр жазбасында. 

5 тамыздан бастап музей уақытша жабылды. Мұндай шешім құндылықтарды сақтау мен құрылыс кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданған.

"Осы маңызды жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Senim Qogamy қоры мен бас демеуші "Самұрық-Қазына" АҚ-на шынайы алғысымызды білдіреміз. Жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым – "Lucky Build Company" ЖШС атқарып жатыр" деп қосты Балаева. 

Барлық жұмыс аяқталған соң, жаңарған Қастеев музейі қонақтарын жаңа заманға сай кеңістікте, шабыт сыйлайтын атмосферада қарсы алатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қастеев #Мұражай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);