AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы «Қайрат» шағын ауданында 260 орындық жа...

Алматыдағы «Қайрат» шағын ауданында 260 орындық жаңа балабақша ашылады

Әлеумет 05.03.2025, 09:38 2,053 Bakyt
Алматыдағы «Қайрат» шағын ауданында 260 орындық жаңа балабақша ашылады
Алматы қаласы әкімдігі

 

Түрксіб ауданында әлеуметтік нысандарды, атап айтқанда, білім беру мекемелерін – балабақшаларды, мектептерді, колледждерді абаттандыру жалғасуда. 

Мәселен, ағымдағы жылдың ақпан айында №195 мектеп жанындағы 450 орындық қосымша құрылыс аяқталды,  енді  №50 жалпы білім беретін мектепке күрделі жөндеу, сейсмикалық күшейту жүргізілуде, мұндағы жұмыстар 2025 жылғы желтоқсанда аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігінен хабарлады. 

№59 гимназия филиалын реконструкциялау жалғасуда, ол ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады. 6100 орындық төрт жаңа мектеп салу бойынша құрылыс-монтажу жұмыстарын аяқтау да олсы кезеңге жоспарланған. Аталған оқу орындарының құрылысы қала әкімдігінің жобалық офисінің  қолдауымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жүргізілуде.

Айта кетейік, оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында өткен жылы №59 мектеп-гимназиясын 300 орындық сейсмикалық күшейтумен және кеңейтумен және №83 гимназия филиалын реконструкциялау  аяқталды. 

2024 жылдың маусым айында Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Жобада оқу шеберханаларын заманауи жабдықтармен жарақтандыру және студенттерге арналған 120 орындық жатақхана салу көзделген. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың қаңтарына жоспарланған.

Аудан әкімдігі мектепке дейінгі мекемелерге қатысты орын тапшылығын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізуде. Өткен жылы сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталғаннан кейін №70 мамандандырылған бөбекжай ашылды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «Қайрат» ш/а 260 орындық №192 жаңа балабақша ашу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркісіб #балабақша #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика