ffin.kz

Алматыдағы Президент резиденциясын сүріп тастауға 6 млрд теңге жұмсалады

Алматыдағы Президент резиденциясын сүріп тастауға 6 млрд теңге жұмсалады Сурет: Wikipedia.org

Жұмыстардың орындалуы бюджеттік өтінімде егжей-тегжейлі көрсетілген.


ҚР Президентінің іс басқармасы Алматыдағы Президент резиденциясын сүріп тастауға 6 млрд теңге жұмсалатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл туралы Президенттің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев Telegram-каналында жазды.



«БАҚ өкілдерінен Президенттің Алматы қаласындағы қиратылған резиденциясына қатысты көптеген сұрақтар келіп жатыр. Бүгінгі жағдай туралы айтайын. Қазақстандық көпбейінді реконструкция және даму институтының техникалық қорытындысы бойынша резиденцияның жағдайы пайдалануға шектеулі жарамды деген санатқа жатқызылды. «Қазреставрация» РМК мамандары тексеру жүргізіп, өлшемдерін алды, соның нәтижесінде объектіні тарих пен мәдениет ескерткіштерінің тізімінен шығаруды ұсынды. Мәдениет және спорт министрлігі тарихи-мәдени сараптама негізінде объектіні ескерткіштер тізімінен шығаруға, шешім қабылдады: негізгі ғимарат пен іргелес объектілер бөлшектенеді», - деп жазды ол парақшасына.



Айтуынша, ең алдымен, сақтаулы тұрған, яғни тоңазытқыш техникалар, үздіксіз қуат көздері, дизель-генераторлар – барлығы шамамен 600 миллион теңге сомасындағы 46 атаулы құрал-жабдық шығарылады.



«Бұл құрал-жабдық Іс басқармасының басқа объектілерінде қолданылатын болады. Шамамен 1800 тонна металды қайта өңдеуге жібереміз (бұл да бюджетке қайтарылатын 150 миллион теңге). Жалпы қайтарылатын қаражат - 750 млн теңге. Негізгі ғимарат пен іргелес объектілерді бөлшектеу үшін 3 миллиард теңге қарастырылған. Тағы 3 миллиард теңге аумақты қалпына келтіруге және инженерлік корпусты қайта құрылымдауға көзделген, олар қаланың теңгеріміне өтетін объектілер. Жұмыстардың орындалуы бюджеттік өтінімде егжей-тегжейлі көрсетілген. Резиденцияның аумағындағы дөңнің астында орналасқан инженерлік корпусты қайта қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Ол саябақтың ландшафтына сай келеді. Оның ішінде трансформаторлық кіші станция орналасқан, ол жақын маңдағы үйлерге, инженерлік құрылғыларға, қызметкерлерге арналған орынжайларға қызмет көрсетеді. Толық жұмыс істейтін көпбейінді орынжай болады. Қазіргі кезде оның тіршілікке маңызды тораптары күрделі жөндеуді қажет етеді, яғни шатырын заманауи түріне ауыстыру, суағарлар санын көбейту, инженерлік жабдығын түгел ауыстыру қажет», - дейді Айбек Дәдебаев.



Оның сөзіне қарағанда, объектінің сыртын әрлеу бойынша да үлкен жұмыс жүргізу керек.



«Отыз жылда бұл ғимаратты салған кездегі пайдалану стандарттары да ескірді. Осылайша, біз қалаға дайын аумақ пен жаңартылған инженерлік корпусты тапсырамыз», - деп жазды Президенттің іс басқарушысы.



Еске сала кетейік, Алматыдағы Президент резиденциясы тарихи ескерткіштер тізімінен алынып тасталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58