AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Президент резиденциясы сүріле ме?

Алматыдағы Президент резиденциясы сүріле ме?

Әлеумет 12.04.2022, 14:50 1,121
Алматыдағы Президент резиденциясы сүріле ме?
inbusiness.kz

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген Президент резиденциясын бұзуға жарылғыш заттар қолданылмайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.



Қаңтар оқиғасы кезінде өртенген Президент резиденциясының ішінде ыстың иісі әлі де кетпеген. Темір бағаналар балқып, бетон қабырғалардың беріктігі бұзылған. 19 мыңнан астам шаршы метрді алып жатқан алып ғимаратты бұзудың өзі техникалық тұрғыдан өте күрделі жұмыс. Сондықтан сүруге 3 млрд теңге қажет. Тағы 3 млрд теңге аумақты қалпына келтіруге және  инженерлік корпусты қайта құрылымдауға  жұмсалады. «Олар кейін қаланың балансына өтеді», – дейді мамандар.   



Ғимарат құрылымында алты мың шаршы метр темірбетон бар. Оны бір-бірінен ажыратып, бөлшектеуге гидравликалық балғасы бар арнайы техника қолданылады. Осы уақытқа дейін резиденцияда тек тазалау жұмысы ғана атқарылыпты. Ал қашан бұзыла бастайтыны әзірге белгісіз. 




Өрттен бірен-саран дүние аман қалыпты. Сондай 46 атаулы құрал-жабдық резиденциядан шығарылады. Сақтаулы тұрған тоңазытқыш техникалары мен дизель-генераторлардың жалпы сомасы 600 млн теңге болады. Бұл құрал-жабдықтар Президент іс басқармасының басқа да нысандарына беріледі. Тағы 150 млн теңге металды қайта өңдеуден түседі. Жалпы ғимаратты бұзуға кеткен шығынның 750 млн теңгесі бюджетке қайтарылады. Ал резиденция сүрілген соң орнына саябақ салу жоспарланған.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #президент #резиденция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының жаңа әкімі кім болды?

Бүгін 10:21

Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы БҰҰДБ-мен ынтымақтастық мәселелері қаралды

Бүгін 10:01

Бакуда қазақ өнерінің көрмесі ашылды

Бүгін 09:52

Almaty Gallery «Бейнеленген дүние» атты көрме ұсынды

Бүгін 09:34

Жұма күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 08:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);