AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыдағы «Оңтүстік» саябағы мемлекеттік меншікке...

Алматыдағы «Оңтүстік» саябағы мемлекеттік меншікке қайтарылды

Заң мен тəртіп 02.02.2023, 11:19 898
Алматыдағы «Оңтүстік» саябағы мемлекеттік меншікке қайтарылды
Сурет: Vlast.kz

Бұл жер 2007 жылы жеке меншікке берілген.


Алматыда «Оңтүстік» саябағының жер телімін мемлекеттік қажеттілік үшін қайтарып алу рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Еске салсақ, 2007 жылы Бостандық ауданындағы Си Синхай көшесінің оңтүстігінде, Жароков көшесінің шығысында (кад. № 20-313-011-518) жер телімі көп қабатты тұрғын үй салу және пайдалану үшін «Turkuaz Invest» ЖШС жеке меншігіне берілген болатын (Алматы қаласы әкімдігінің 08.11.2007 ж. №9/1097-39 қаулысы). Кейін учаске «Jusan Property» ЖШС-не берілді.


Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесулерінің бірінде қала тұрғындарымен аталған жер учаскесін мемлекеттік меншікке алу және саябаққа абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы бастама  көтерілген болатын.



2022 жылғы 5 қазанда Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің жер учаскесін мемлекет қажеттілігіне қайтару жөніндегі талабы қанағаттандырылды, өтемақы сомасы 2 338 817 000 теңге мөлшерінде айқындалды (сарапшылардың 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 5386 қорытындысына сәйкес). 2022 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. 2023 жылғы 13 қаңтарда өтемақы сомасы «Jusan Property» ЖШС-не аударылды.



Қазіргі кезде Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы «Оңтүстік» саябағын абаттандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті құжаттарды дайындауда.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саябақ #Алматы #мемлекет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26

Солтүстік Қазақстанда құтыру ошағы анықталып, елді мекенде карантин енгізілді

Бүгін 10:19

Елімізде жыл басынан бері 900-ден астам заңсыз қару тәркіленді

Бүгін 09:59

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);